Технология • 09 Қыркүйек, 2019

Мектепте заманауи зертхана ашылды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары енді заманауи инновациялық FAB LAB шеберханасында жоба жасақтай алады. 

Мектепте заманауи зертхана ашылды

Жас зияткерлердің техникалық тұрғыдан ойлау қабілетін дамытып, инженерия, қолөнер, ІТ саласына қызығушылығын ояту мақсатында ашылған  лаборатория сандық модельдеуге арналған ноутбуктер, Arduino микроконтроллерлерімен, дәнекерсіз макетті платалар, интерактивті тақта, 3D принтермен, әртүрлі станоктармен жабдықталған.

- Өткен оқу жылында ғылыми жобалармен айналысып, жетістікке жеткен оқушылардың көптігіне байланысты арнайы шеберхана жасау қажеттілігі байқалды. Ұсынысымыз мектеп әкімшілігінен қолдау тапқанына қуаныштымыз. Қазірдің өзінде балалар қызықты жобаларын жүзеге асыруда, - дейді өнер пәнінің мұғалімі Аманғали Мұратов.

FAB LAB - кез келген идеяны дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік беретін сандық өндіріске арналған ең озық жабдықтары бар зертханалардың әлемдік желісі. Зертхана идея жүзінде қалыптасқан жобаның прототипін жасауға мүмкіндік береді. Мұндай орталық ең алғаш рет 2000 жылдары Массачусетс технологиялық университеті жанында құрылған. Қазіргі таңда әлемде 1200-ден астам зертхана жұмыс жасайды.