Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2019

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімінің өкімімен Ернар Құрмашев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

Е. Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. 2006 жылы Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ тәмамдаған, 2009 жылы New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен.

2007-2018 жылдары 3D-анимация және визуалды әсерлерді дайындаумен айналысатын«Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы әрі продюсері.

2015-2019 жылдары – «Astana Film Fund» кинокомпаниясының директоры. Бірқатар заманауи қазақстандық фильмнің продюсері болған.