Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Туризм бойынша ұлттық байқау өтеді

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы биыл екінші рет Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «National Tourism Awards 2019» ұлттық байқауын ұйымдастырып жатыр. Конкурсқа өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылданады.

Туризм бойынша ұлттық байқау өтеді

«National Tourism Awards 2019» ұлттық байқауының бас­ты мақсаты – ішкі және сыртқы туризмді дамыту және танымал ету. Сондай-ақ туристік сала бойынша үздіктерді анықтап, қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету сапасын арттыру, дейді «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төраға­сының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

«Бұл байқау бизнесті өз инфрақұрылымын жақсартуға, бәсекеге қабілетті болуға ын­та­лан­дыруды көздейді. Бай­қаудың 10 аталымында биз­нестің барлық салалары қам­тылған. Онда жайғастыру орын­дары, туристік оператор­лар, блогерлер және биыл «Үз­дік туристік жоба» аталымын қостық. Бұл қандай да бір ерек­ше қонақүй болуы мүм­кін немесе этноауыл немесе іс-шара. Министрлік бұл жо­баға қаражат бөледі», деді Т.Дүй­сенғалиев.

Оның айтуынша, минис­трлік (Мәдениет және спорт министрлігі – ред.) осылайша жақсы жобасы бар, бірақ қар­жыландыру жетіспейтін бизнес­ке қол ұшын созғысы келеді. Мұндай жүлделер туризм саласындағы көшбасшыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысушылар «Жыл­дың үздік туристік ком­па­ниясы», «Үздік гид-экс­курсовод», «5* санатындағы үз­дік қонақүй», «4* санатындағы үздік қонақүй», «3* санатын­дағы үздік қонақүй», «Үздік шипажай», «Балалар мен жас­өспірімдер туризмі бойынша үздік жоба», «Туризмді насихаттау бойынша үздік жоба», «Туризм туралы үздік блог» және «Оқиғалық туризм бойын­ша үздік жоба» аталымдары бойынша үміткер атана алады.

Сондай-ақ Туризмді дамы­ту департаментінің дирек­торы Гауһар Жеңісбек би­ыл­ ұй­ым­дастырушылар мен се­рік­тес­тердің арнайы жүл­де­лері де көбейгенін атап өтті. «Қазақстандағы туризмді да­мытуға қосқан үлесі үшін», «Үз­дік бизнес-жоба» және «Қол­өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымдарының жеңім­паздары өздерінің стартаптарын дамытуға грант жеңіп ала алады.

«National Tourism Awards 2019» байқауына өтінімдер 1-31 қазан аралығында www.tourismawards сайтында қабыл­данады. Іріктеу және онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша сарапшы қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Нұр-Сұл­тан қаласында өтеді.