Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Ақмолалық полицейлер жүлдесін балалар үйіне тапсырды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында Жастар жылына арналған республикалық «Парасатты полицей» байқауы өткізілген болатын. Жүлделі оралған ақмолалық полицейлер сыйлығын балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлады.

Ақмолалық полицейлер жүлдесін балалар үйіне тапсырды

Департаментің баспасөз қызметі хабарлағанындай, байқауға еліміздің барлық өңірлік департаменттері мен Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарынан 21 команда қатысты. Мұнда құрамында Асан Әубәкіров, Әсем Жиенғалиев, Қуаныш Есенбеков, Равиль Әбілханов, Виктор Гейнц бар «Көкше сақшылары» командасы облыс намысын қорғап, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жерлестеріміз жауапты сынға тыңғылықты дайындалып, кезеңдік байқаулардың мазмұнын ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен байланыстыруы ұтымды шықты. Сондай-ақ, байқауда Ақтау балалар үйінің тәрбиеленушілері де белсенділікпен қатысуы шараның салмағын арттыра түсті.

Марапаттау рәсімі аяқталысымен ақмолалық полицейлер балалар үйінде қонақта болды. Онда команда мүшелері департамент басшысы генерал-майор Берік Біләловтің атынан жүлде сыйлығын мекеме директоры Мәди Қалашаұлына тапсырды. Сондай-ақ, олар ақтаулық жас достарын келесі жылы Ақмола облысында өткізілетін «Парасатты полицей» байқауы қарсаңында Көкшетауға қонақ болып келуге шақырды.