Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Комитет отырысында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы қаралды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет отырысында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы қаралды

Ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге 2018 жылғы 29 маусымда қазақстандық делегацияның Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымға сапары барысында қол қойылған болатын.

Осы заң жобасын қабылдау қолда бар ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасынан ғалымдардың, инженерлердің, студенттер мен техникалық мамандардың Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымның ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін база жасайды.

Келісімді орындау мақсаттарды, бағдарламаларды, ресурстарды, персонал мәртебесін, зияткерлік меншікті, жауапкершілікті және басқа да мәселелерді көрсете отырып, Хаттама тараптары арасындағы ынтымақтастықтың әрбір зерттеу жобасы үшін егжей-тегжейлі сипаттамасымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен CERN және (немесе) Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері арасында Хаттамалар жасасу арқылы жүзеге асырылады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.