Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

Жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қарашадан бастап қабылданады

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.

Жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қарашадан бастап қабылданады

Жалға берілетін тұрғын үйді алу құқығына 29 жасқа толмаған жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жүзеге асыратын қызметкерлер ала алады.

Шараны Жастар жылы аясында жүзеге асырмақ. Жалға берілетін тұрғын үйді беру тәртібі 4 кезеңді көздейді деді спикерлер. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің сайттарында хабарландыру жариялау, уәкілетті органға құжаттар ұсыну, өтініш берушілердің балын есептеу деді.

«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй еліміздегі басты 3 қалада жүзеге асады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1 050 пәтер, Шымкент қаласында 904 пәтер беру жоспарлануда. Жалдау ақысы айына 10 мың теңгені құрайды. Бұл жастарға бес жыл ішінде ақша жинап, өз үйін алуға мүмкіндік береді», - дедi Мадияр Қожахмет.

Сондай-ақ сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді Нұр-Сұлтан қаласынан алу үшін, байқау жарияланады. Қараша айынан бастап құжаттар қабылданады.

Бүгінгі таңда тұрғын үйлер жаңа салынып, инфрақұрылымы толығымен қамтылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму бөлімінің бастығы Талғат Рахманберді айтты. Аталған жоба ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берілген тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатыр.