Әлеуметтанушылар зерттеуі халықтың басым бөлігінің ерікті-еріксіз түрдегі ермегі музыкамен байланысты екенін анықтапты. Теледидарды қосқаннан тұтқынына алатын концерттер мен әншілердің жүргізетін бағдарламасын айтпағанда, үйдегі студент пен бала біткен арнайылап көретін әртүрлі сападағы 5-6 музыкалық арнаның насихаты толассыз төгіліп тұр.

Жеке көлігіне мінген адам ең бірінші радионың музыкасын қосуға қол созады, қоғамдық көліктен де құлаққапсыз отырған адамды өте сирек көресің. Ол жай отырған жоқ, музыка тыңдаса да, уағызға елтісе де, кино көрсе де, бос уақытын ғана емес, ішін жалап бара жатқан бос вакуумды толтыруға өзінше қарекет жасап отыр. Туған-туыспен ғана өмірінің мәні бар қазақ сенбі, жексенбінің кешінде міндетті түрде кезекте дайын тұрған әлдебірінің көптен күткен той қуанышына ортақтасуға барады. Онда да даңғаза шуды жақтырмайтынына қарамастан жұлқынып, сілкініп жатқандармен бірге ел қатарлы көңіл көтеріп, бұл да ырғалады, билейді. Қысқасы, әнсіз өмір – мәнсіз.
Социумның тұтынушылық мәдениетінің сұранысына осындай өте қолайлы жағдай қалыптасып отырғанда, сол музыкадан майталман болып өсіп шыққан Қыдырәлі мен Мейрамбек кеңесшілік қызметке тартылып еді, қоғамның сол мардымсыздау мансапты екеуіне қимағаны дәл бізге кереғарлық болып қабылданды. Қазақ эстрадасының брендіне айналған бір Беспаев пен бір Болманов емес, мың Беспаевтарды әкеп кеңесші етсе де, бұл мамонт-машинаны енді ешкім тоқтата алмайды. Ендеше шенеуніктердің шоу бизнес өкілінен ақыл сұрағаны қоғамды неге сонша шошындырады? Олар өздері ессіз елітіп тыңдайтын, есіріп билейтін, жеке өмірін пайғамбардың өміріндей көріп еліктейтін шоу бизнес деген саланың ең жарқын өкілдері емес пе, қабылдамағанын қалай түсінуге болады? Көптің мінезіне таңғалмасқа шараң жоқ. Эстрадада жүрген әншілердің 70-80 пайызының бойында талантының кем екенін, кем емес-ау, мүлде жоқ екенін, білімі төмен, танымы таяз екенін, өзіне тек «клиент» деп қана қарайтынын біледі, біле тұрып соларға табынып, қолпаштап жүріп өз қолымен қоғамның қаймағы етіп қалыптастырады да, солардың ішінде дауысы да, білімі де бар деп есептелетін екі мықтысы дараланып, әкім мен министрдің қасынан табылып жатса, жатып кеп ренжиді.
Дәл осы қоғамдық сипаты басым кеңесшілік қызметі олардың атағын одан әрі аспандата түсу үшін керек деп ойламаймыз. Өйткені Мейрамбектің өз аты да кез келген атақтың орнына жүруге жарайтын салмаққа ие, халық алдындағы сүйкімінің өзі – бір мамандық, бір міндет. Басты қауіп – бұл танымал азаматтардың таланты, өнері нарықтың тауарына қалай айналса, бұлардың танымалдылығы, халық алдындағы беделі дәл солай биліктің тауарына айнала ма деген ой көбірек мазалай ма дейміз. Бұл қисынға салсақ, барлық мамандық иелері сияқты әнші де тек өз ісімен айналысуы керек. Ал қалыпқа сыймай, көпке қызмет етуге жарап, бұдан да биік дәрежеге лайықты деп танылған екен, онда мың мұқтажы бар халықтың маңызды бір шаруасын шешетіндей ірілігін, азаматтығын танытуы керек. Күшті – батырдан, білімді – оқымыстыдан, ойды – кемеңгерден күтеміз, сол секілді халық та өзіне тіреу, сүйеу болатын сөзді ең алдымен қайраткерден, танымал тұлғалардан, өзі құрметі мен қошаметіне бөлеген белгілі азаматтардан күтеді. Күні кеше Қали Сәрсенбай ағамыз осы «Егеменнің» бетінде Мейрамбекті ес көріп, қара тұтып (Мейрамбек – шартты, оның орнында кез келген әнші, өнер адамы болуы мүмкін десек те) хат жазды. Сол хатқа Мейрамбек қатырып тұрып жауап бергенде, мынау бүгін тұс-тұстан тап берген «көп шуылдақ» балағына жармасуға батылы барар ма еді? Қайдам.
Ел алдында жүрген, билікке бір табан жақын жүрген жігіттер көкейіндегі сөзді айтып отырса, көпшілік басқасын одан сұрамайды да. Ал мынау жатып кеп ренжіп, бір ауыздан сенім білдірмеудің астарындағы үлкен себеп, азаматтық көзқарастың кемшіндігі мен қоғамдық белсенділіктің төмендігі деп диагноз қойып, сонымен байланыстыра қараудан басқа амалымыз жоқ.
Үлкен биліктің бел ортасына тау тұлғалы Әбіш Кекілбаев пен Дүйсен Қасейіновтер барғанда да, шулағанбыз «онда не жоғалтты?» деп. Бүгінгі биіктен көз салғанда бұралқы сөзіміз үшін ұялып, «сол кісілердің барғаны қандай абырой болған» деп шүкірмен еске аламыз. Кішкентай ғана кеңесшілікке Болманов пен Беспаев та барғалы отыр, «жобалармен жұмыс істейді» дейді, жақсы-ақ. Бірақ бұл оларға берілген бонус, мүмкіндік екенін олар да, біз де ұмытпасақ, «клиенттер» мен кеңесшілер ертеңгі күні дәл солай еркін тыныстап отырамыз. Бұл енді анық.
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Аймақтар • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Елімізде 6 күннің ішінде 54 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстан • Бүгін, 11:25
Дональд Трамп жаңа партия құрғысы келе ме?
Әлем • Бүгін, 11:22
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:16
Қоғам • Бүгін, 11:08
Қоғам • Бүгін, 11:07
Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ сынағы басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:06
Шаңғы спорты түрлерінен биылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Спорт • Бүгін, 11:04
Нұрлан Нығматулин жақын арада қабылданатын заңдар туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 10:58
Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Руханият • Бүгін, 10:55
Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады
Білім • Бүгін, 10:45
Түрмедегі азаматтан есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:42
Ауыл шаруашылығы министрі швейцариялық компания өкілдерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Қазақстанның 6 облысы «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:25
Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Джо Байден АҚШ президенті міндетіне кірісу үшін Вашингтонға келді
Әлем • Бүгін, 10:09
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі
Қазақстан • Бүгін, 10:04
Балқашта ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:57
Батыс Қазақстан: қызыл аймаққа – бір қадам
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Атырау тұрғындары Экология министріне «Табиғат» қорын құруды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 09:34
Алматыда ҰБТ басталды: Эпидемиялық талап басты назарда
Білім • Бүгін, 09:30
Коронавирус: Тараз «сары аймаққа» енді
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:15
Пневмонияның 118 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:09
Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 жарым мыңнан астам пәтер үлестіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 09:06
Коронавирустан бір күнде 948 адам жазылып шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:05
Қазақстанда өткен тәулікте 1134 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстан • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:49
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Оқиға • Бүгін, 08:45
Жетісуда індет жұқтырғандар көбейді
Қоғам • Бүгін, 08:43
Электронды қызмет көрсетуге көшті
Аймақтар • Бүгін, 08:41
Экономика • Бүгін, 08:40
Үздіктер тізімінде кімдер бар?
Спорт • Бүгін, 08:30
Спорт • Бүгін, 08:29
Он үш жасар оғлан ересектер арасында ел чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 08:27
Ұқсас жаңалықтар