Ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсарту мақсатында қайырымдылық шарасын қолға алған «Айтыман» қоғамдық қорының директоры Ж.Әлімбайқызының айтуынша, төрт отбасын баспаналы еткен асарға ауыл азаматтары, жастар, көршілер мен мектеп оқушылары да атсалысқан. Бірі баспананың іргетасын құйса, екіншісі қабырғасын қалапты.
– Енді бірі шатырын жауып, сылағын жүргізгенінің нәтижесінде бұл баспана небәрі 45 күнде салынып бітті. Жаздың аптап ыстығына қарамастан құрылысы қарқынды жүрген үйдің кілтін алған пәтер иелерінің қуанышы бәрін мерейлендірді. Осы сауапты іс арқылы ауыл азаматтарына ерекше ризашылығымды білдіремін, құрылысқа атсалысқан ауыл азаматтары өзара ұйымшыл екендіктерін тағы бір дәлелдеді, – дейді ол.
Пәтер кілті табысталар шарада Маңғыстау ауданының әкімі Т.Көшмағанбетов ізгі іске бастамашы болған Ж.Аманқұлова мен Б.Жакуповаға аудан тұрғындары атынан алғыс білдіріп, тұрғын үйді салуға қаржылай көмек көрсеткен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Лю Цзинчэнге, «ҚазАзот» АҚ «Шағырлы-Шөмішті» филиалы ЖШС директоры А.Меңдібаевқа, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС директоры Ж.Өскінбайұлына, «БозашыТрансҚұрылыс» ЖШС директоры Е.Есболатұлына, құрылысты салған Н.Дүйсенбиевке алғыс хат табыстады.
– Баспаналы болу бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Жақсы іске мұрындық болған қос қызға, асарға атсалысқан барлық азаматтарға ризамын, – дейді қуаныш иесі Жұлдыз Оңайбаева.
Маңғыстау облысы