Парламент • 12 Қыркүйек, 2019

Мәжілісте заң жобалары мақұлданды

227 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында бірқатар жаңа заң жобалары мақұлданды.

Мәжілісте заң жобалары мақұлданды

 Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру маңызды

Жиын басында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин алқалы топқа Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен депутаттар қатарына қосылған Nur Otan партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжановты таныстырды. Ант қабылдап, қызме­тіне кіріскен жаңа депутат Әлеуметтік-мәдени даму коми­тетінің мүшесі болды.

Содан соң Мәжіліс Спи­кері­ депутаттар на­зарына күн тәр­ті­бін­дегі «Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы­ мен Солтүстік инвести­ция­лық банк арасындағы Солтүс­тік инвес­ти­ция­лық банктің Қазақ­стандағы қыз­метін реттейтін не­гіз­демелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қа­рауды ұсынды. Бұл келісімнің жай-жапсарын Ұлттық экономика ми­нистрі Руслан Дәленов баяндап берді.

Министрдің айтуынша, атал­ған құжатқа 2018 жыл­ғы 16 қа­занда Хельсинки қала­сында­ қол қойылған. Келісім Қазақ­стан­ Рес­публикасындағы инвес­тиция­лық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банк­тің қызметін ашуға мүмкіндік береді.

– Солтүстік инвестициялық банк қаржыландыруының негізгі бағыттары: энергетика, «жасыл» эко­номика, телекоммуникация, кө­лік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақ­тау сияқты секторлар әрі шағын және орта бизнес. Келісімде Қа­зақ­стан­ның заңнамалық актілерін­де көз­делмеген нормалар, атап айт­қанда ва­лютаның айыр­бас­та­луы және қа­ражат аудару, тендерлер өткізу, сон­дай-ақ Солтүстік ин­вес­ти­ция­лық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату жө­ніндегі нормалар белгіленеді. Бұл халықаралық ұйымдардың стан­дартты шарттары. Келісім мү­шелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпей­ді. Келісімді ратификация­лау әлеумет­тік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, – деді Руслан Дәленов.

1975 жылы құрылған Солтүстік инвестициялық банк – Скандинавия мен Балтық елдері мүшелік ететін көп­жақты даму банкі. Мүше елдер –  Дания, Эстония, Финляндия, Ис­ландия, Латвия, Литва, Норвегия және Швеция. Банктің штаб-пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Сол­түстік инвестициялық банктің жар­ғылық капиталы 6 млрд 142 млн еуро­ны құрайды, бұл мүше елдердің тө­лемдерінен қалыптасады. Жалпы кредиттік портфелі 2018 жылы 19,1 млрд еуроны құрады. Қарыздар 25 жыл­­ға дейінгі мерзімге беріледі. Банк­тің стратегиясына сәйкес кре­­дит­­тік портфельдің шамамен ­20%-ы­ оның мүшелері емес елдерге беріледі.

Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Алек­сандр Суслов Ұлттық экономика министрінен келісім шеңберінде қан­дай нақты инвестициялық жоба­лардың қарастырылғанын сұрады.

Бұл сұраққа Руслан Дәленов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы­ның мәліметтеріне сүйеніп, жалпы жобалар көлемі 1 млрд еуродан аса қаржыны құрайтынын айтып, жауап берді. Бұған қоса ол пысықталып жатқан жобалардың ішінде 5G желісін енгізу бастамасы барын жеткізді. Инвесторы – Финляндияның «Nokia» компаниясы. Бұл жобаға 500 млн дол­ларға жуық қаржы тартылмақ. «Бе­сінші буын» байланыс желісі интернеттің жылдамдығын едәуір арттырып, хирургтерге операцияны қашықтықтан жасай алатындай мүмкіндік береді.

Парламент жұмысы жанданады

Бұдан кейін «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­леріне мемлекеттік қызметтер көр­сету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл мәселе жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мү­шесі Айзада Құрманова айтып берді.

Оның айтуынша, қаралып отырған заң жобасы мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін одан әрі оң­тайландыруға бағытталған. Мәсе­лен, Бір өтініштің негізінде өзара байланысты бірнеше мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік беретін «Бір өтініш» қағидаты және ком­позиттік тәсіл енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан «Электронды үкімет» веб-пор­талын тиісінше ақпараттармен то­лықтыру қамтамасыз етіледі. Мемлекет­тік әлеуметтік жәрдем­ақы­лар та­ғайындау рәсімдері бо­йын­ша нормалар нақтыланды. Аза­маттық хал актілерін тіркеу кезін­де аумақ­тан тыс қағидатты ен­гізу көзделеді.

Сонымен қатар Мәжілісте бе­сін­­ші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығмату­лин депутаттар жұмысы жаңа фор­матқа көшетінін, коми­тет­тердің көшпелі отырыстары тек об­лыстардың ғана емес, аудан­дардың да орталықтарында өткізілетінін атап өтті. Дөңгелек үстел жиындарында қоғамның ең өзекті мәселелері қаралады. «Үкімет сағаты» да жаңа форматта өткізіліп, Парламент қабырғасында министрлер нақты бағдарламалар мен тапсырмалардың орындалу барысын баяндайды. Бұған қоса сот билігін жаңғыртуға, қалалық және ауылдық мектептерде орта бі­лім беру сапасын арттыруға ар­налған парламенттік тыңдаулар да өткізіледі.

Депутат Жошы ханға ескерткіш тұрғызуды ұсынды

Пленарлық отырыс соңында Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл, Галина Баймаханова, Дания Еспаева, Азат Перуашев, Альберт Рау және Артур Платонов орталық мемлекеттік органдар басшыларының атына бірқатар депутаттық сауал жолдады.

Алдымен Бақытбек Смағұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетіл­ген Алтын Орданың 750 жылдығына тоқталып, Үкімет бас­шысы Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында бір­қатар бастамаға мән беруді сұрады.

– Қоғам белсенділері, ғалым­дар, журналистер тарапынан қазақ жерін кең қамтыған ұлы ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан есімін заманауи Қазақстанда ұлықтау жөнінде мәселе көтеріп келеді. Солардың елеулілерінің бірі ретінде Egemen Qazaqstan республикалық газетінде жария­ланған Дархан Қыдырәлінің «Ұлық ұлыстың атасы» мақаласын айтуға болады. Алтын Орданың іргесін қалаған Жошы ханның ордасы Ұлытауда орналасқан. Жошы ұлысы мен Алтын Орда қазақ ұлтының қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Қазақтың барлық хандары Жошы ханнан тарайды. Біріншіден, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы көрнекті көшелердің біріне Жошы хан есімін беру және ол көше бойында ұлыс ханының еңселі ескерткішін орнату – ұлттық рухымызды асқақтатып, елдігімізді өз азаматтарымызға ғана емес, елордамыздың әрбір қонағына көрсетер шара болмақ, – деді депутат.

Сонымен қатар Бақытбек Сма­ғұл Жезқазған қаласынан сол­түстік-шығысқа қарай 50 ша­қырымдай жердегі Жошы хан ке­сене­сінің жанынан айбынды ес­керткіш тұрғызу маңызды екенін айтып, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Жошы хан, Алаша хан кесенелеріне кешенді түрде археологиялық, этнографиялық зерттеу жұмыста­рын жүргізуді, отандық және шет­елдік білгір ғалымдардың қаты­суымен бірлескен экспедициялар мен халықаралық конференциялар ұйымдастыруды және зерттеу жұмыстарын әртүрлі тілдерде шетелдік ақпарат құралдарында жариялауды ұсынды.

Жалпы отырыста Мәжіліс де­путаты Артур Платонов кәмелет­тік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына сауал жолдады. Онда ол балалардың көп қабатты үйлердің те­резесінен құлау, суға кету, иіс тиіп улану, жол-көлік апаттарына ұшырау оқиғалары жиілеп бара жат­қанын айтып, шетін жағдайдың себептерін қарастыру мен талдау бойын­ша арнайы комиссия құруды ұсынды.