Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019

Мектептер мәселесіне қатысты Алматы қаласы Білім басқармасында брифинг өтті

504 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова 2019-2020 оқу жылына байланысты атқарылған кешенді шаралармен таныстырды.

Мектептер мәселесіне қатысты Алматы қаласы Білім басқармасында брифинг өтті

Бүгінде Алматы қаласында 400 мыңнан астам оқушы 1274 білім беру мекемелерінде білім алса, олардың 444-і мемлекеттік, 830-сі жекеменшік болып табылады. Жаңа оқу жылында мектепте  дейінгі мекемелердің есігін 71 367 оқушы ашса, салыстырмалы түрде өткен жылға қарағанда 4 343 балаға артып, 1-6 жастағы балалар 57 255-ті, 3-6 жас аралығында 23 206-ны құрап отыр.

Соңғы жылдары қаладағы балал бақшалар мен мектептер саны ұлғайып келеді. Оның ішінде 161 бала бақша мен 5 мектеп бар.

Мемлекеттік мектептерде 261 013 оқушы білім алып жатса, биылғы жылы оқушылардың саны 17 030-ға көбейген. Мектеп жасындағы балалардың саны ішкі миграциялық үдерістердің әсерінен әсіресе Алатау – 3 433 және Әуезов аудандарында артқан -  3 244.

Ал мектептерде орын жетіспешілігі шамамен есептегенде 30 мың орынды құрайды. Оқу жылының басында Бостандық ауданында 300 орынға арналған №105, Алатау ауданында 600 орынға арналған №201 мектеп пайдалануға берілген. Ал оқу жылының барысында Түрксіб ауданындағы «Нұршашқан» ықшамауданында 600 орыдық мектептің, Әуезов ауданында «Мамыр» ықшамауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілетін болады.

Мектептердің жаңартылуы мәселесіне тоқталатын болсақ, қаладағы бес мектепте  (№№14, 18, 153, 143) апатты жағдайдың алдын алу мақсатында күрделі жөндеуден өткізілсе, № 25, 125, 40, 114 мектептер мен №9 коррекциялық интернатта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Оқу орнының күрделі жөндеу кезінде оқу-тәрбие жұмыстарына кедергі келтірмейтіндігі жайында бұйрығы шыққан. Келісім шарт бойынша жөндеу жұмыстары 2 мектепте – қазан-желтоқсан, №9 интернатта–2020 жылы наурызда аяқталатын болады.

2019-2020 оқу жылында  қала колледждеріне 20 514 студент қабылданса, оның 11 150 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылданып, Педагогикалық колледждің оқу копурсына қосымша ғимарат қсалынып, 300 орындық жатақхана, асхана мен акт залы іске қосылған.   

Брифинг барысында осындай деректермен бөліскен Білім басқармасының басшысы қала мектептерінде, сондай-ақ бала бақша, жасөспірімдер арасындағы болатын төтенше жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап беріп, әр баланың қауіпсіздігіне мұғалім ғана емес ата-ананың да  жауапкершілікпен қарауын ескертті.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар