Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2019

Соңғы 8 айда машина жасауда өндіріс көлемі 18%-ға артты — ҚР ИИДМ

21 реткөрсетілді

Үкіметтің баспасөз алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержанов машина жасау саласындағы жаңа тәсілдер мен ынталандыру бағдарламаларының арқасында тұрақты өсім байқалып отырғанын атап өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Соңғы жылдары машинажасау саласында тұрақты өсім байқалып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты (1 089,8 млрд теңге)», — деді вице-министр.

2019 жылы жоғарғы өсім динамикасы сақталды. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасауда өндіріс көлемінің өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18% құрады. Сала құрылымында машина жасаудың қосалқы салаларының ішінде көбірек өсім динамикасын автомобиль жасау көрсетіп отыр (НКИ – 156,5%). Бүгінде Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі жүргізілуде. Елімізде 167 автомобиль моделі құрастырылады, оның ішінде 39 жеңіл көлік моделі, 22 әлемдік бренд бар. 

Сонымен қатар А. Ержанов екі бесжылдықта автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің біріне айналғанын айтты. Ірі торапты құрастырудан (DKD)  ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу қолға алынды. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу мен бояу бойынша технологиялық операциялар енгізілді. 

Сонымен қоса, А. Ержанов электротехникалық машина жасау секторына назар аударды, бұл сала машина жасаудағы басқа сеткорлармен салыстырғанда, аса тұрақты өндіріс динамикасымен және өндірістің тереңірек жергіліктендірілуімен сипатталады. Сектордағы ірі ойыншылар  — Қайнар-АКБ, Alageum Electric, Казцентрэлектропровод, Казэнергокабель басым бөлігі экспортқа кететін бәсекелі өнімдер шығарады. 

Қазақстандағы теміржол, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мұнайгаз машина жасауда отандық кәсіпорындар электровоздар, локомотивтер, вагондар,тұтас таптамалы дөңгелектер, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникаларын, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін түрлі жабдықтар шығарады. 

Аталған салалар өндірісте роботтандырылған дәнекерлеу кешендерін  (Индустрия 4.0 элементтерін) пайдаланумен сипатталады. Саланың көрнекті мысалдары:  

«Проммашкомплект» ЖШС, «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «Мэйкер» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ және т.б.

Сонымен қатар А. Ержанов жуырда өткен VI  Машина жасаушылар форумында Машина жасауды дамытудың кешенді жоспары талқыланғанын айтты. Осы талқылаулардың қорытындысы бойынша 2019-2024 жылдарға арналған ҚР Машинажасау саласын дамытудың жол картасы әзірленді, ол ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді. 

Салаларды одан әрі дамыту мақсатында Жол картасында машина жасау кәсіпорындарын қолдаудың нақты шаралары мен бірқатар міндеттер қарастырылған.

«Мемлекет мен бизнестің ынтымақтастығы табысты болған жағдайда жоспарланған міндеттер іске асырылып, Қазақстанның машинажасау саласы одан әрі дамуы үшін жаңа идеялар көтеріледі деп үміттенеміз», — деп түйіндеді А. Ержанов. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • Кеше

Оқу мәдениеті

Қоғам • Кеше

Алаштың айбоз абызы

Руханият • Кеше

Ақтөбе облысы жылыту маусымына дайын

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар