Спорт • 12 Қыркүйек, 2019

Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатына қатысады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Тегеранда (Иран) волейболдан 20-шы Азия чемпионаты басталады. Қазақстан  құрлықтық чемпионатын Үндістан құрамасымен кездесуден бастайды. Турнирге төрт топқа бөлінген 16 команда қатысады. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатына қатысады

Екі жыл алдыңғы жеңістің арқасында біздің волейболшылар екінші  санын алып, Қытай, Үндістан және Оман құрамаларымен «С» тобына түсті.  

Басқа топтар келесідей бөлінді: А тобы: Иран (5), Австралия (8), Катар, Шри-Ланка;

В тобы: Жапония (1; 2017 Азия чемпиондары), Қытай Тайбэй (7), Таиланд, Гонконг (Қытай);  

D тобы: Оңтүстік Корея (3), Индонезия (4), Кувейт, Пәкістан. Қазақстан құрамасы 13 қыркүйекте Үндістан командасымен, 14-і күні Оманмен, 15-і Қытаймен ойнайды. Турнир 21 қыркүйекке дейін жалғасады.