Президент • 12 Қыркүйек, 2019

Президент Қытай Ұлттық шай музейін аралады

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қытай Ұлттық шай музейін аралады

Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшеліктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті  туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.