Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2019

Фариза – жыр

33 реткөрсетілді

Атырауда ақын тойы салтанат құрды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған апталық басталды. Облыс орталығының ең көрнекті жеріне орнатылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алған шаралар легі төрт күнге созылады.

Облыс әкімдігінің қолдауы­мен мәдениет, архив­тер және құ­жаттама басқар­масының тапсырысы бойынша «Бірегей» қоғамдық қоры шы­ғарған «Ар мен ақын» деректі фильмі, «Жыр – менің жал­ғыз тарланым» аудиоөлеңдер жинағы таныстырылды.

Халел Досмұхамедов атын­да­ғы Атырау мемлекеттік универ­ситеті – Фариза Оңғарсынова білім алған жоғары оқу орны. Елімізге белгілі зиялы қауым өкіл­дері, өңірдегі ғалымдар, ақын-жа­зу­шылар мен жастар қатысқан рес­публикалық ғылыми-тәжіри­белік конференцияның осы білім ордасында өтуі де заңдылық.

– Фариза Оңғарсынова Аты­рау топырағының төл перзенті, өңі­рі­міздегі білімнің қара ша­ңы­рағы – Х.Досмұхамедов атын­­дағы Атырау мемлекеттік уни­верситетінің ал­ғашқы тү­лек­­терінің бірі. Ол қарымы мол талант иесі, сөз өнерінің ке­ме­ліне жет­кен суреткер. Фариза шы­ғар­­­­машылығының бүкіл болмысын, ерекшелігін жеткізіп айту өте қиын, бірақ осы конференция Фа­ри­за әлеміне айқын жол аша­тын, ғы­­лыми тұрғыда баға берілетін, ру­­хани маңызы зор шара бола­ды деген сенімдемін, – деді об­лыс әкі­­мінің орынбасары Айгүл Әжі­ғалиева.

Елбасының «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­­ма­лық мақаласының «Туған жер» бағыты аясында­ ұйым­дастырылған «Фариза Оңғар­сынова – көрнекті ақын, қоғам және мемлекет қайраткері» ат­ты республикалық ғылыми-тәжіри­белік конференцияда алғашқы баян­даманы филиология ғылым­да­ры­ның докторы, Атырау мем­­ле­кеттік университетінің профессоры Қадыр Жүсіп жасады. «Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяқ кезінде қа­зақ­­тың поэзия әлемінде бір жар­қылдаған найзағай ойнады. Бағзы бұйығылықты жойып, ақын қыздар арасында поэзия аспанына сол жарықты алып келген Фариза болатын» – деп атап өтті ғалым.

Филология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Аман­тай Шәріп те осы пікірді қуат­тап, «Шын мәнінде, Фариза Оңғар­сынованың «поэзия планетасы» – оны көзі де, көңілі де ұдайы са­ғына, сарғая іздеп тұратын елінің рухани галактикасындағы көмескі, күңгірт тартпас шамшы­рақ­тардың бірі. Әбділда Тәжібаев айтқандай, «Фаризада халықтық рух бар, ол елі­мен бірге, қазағы­нан бөлінбеген ақын», – деді.

Конференцияда «Ф.Оңғар­сынова және қазақ поэзиясының көр­­кемдік әлемі», «Ақынның аза­­­мат­тық ұстанымы және қо­ғам­дық қызметі», «Ақын шы­ғар­машылығын оқытудың өзек­тілігі және тәрбиелік мәні» секциялары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Шараға Қазақстан Жазу­шы­лар одағының басқарма тө­р­ағасы Ұлықбек Есдәулет, Мем­лекеттік сыйлықтың лау­реаттары, көрнекті жазушылар Әнес Сарай, Қажығали Мұ­хамбетқалиұлы, Қазақстан Жа­зушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ме­реке Құлкенов, Мем­лекеттік сый­лықтың лауреаты Ақұштап Бақ­тыгереева, белгілі ақын Свет­қали Нұржан, филология ғылымдарының доктор­лары Аман­тай Шәріп, Оңайгүл Тұр­­­жан, Жанат Әскербекқызы қаты­­­сып, мәнді де мағыналы сөз қоз­­ғалды.

– Орыс ақыны Гавриил Держа­вин­нің «Ақындар өзінің туған жеріне ұқсап тұрады» деген тұ­жырымы бар екен. Дәл осы ойды аустриялық асқан талант иесі Стефан Цвейг: «Табиғат қай жерде адамдарға жайлы болса, сол жер­де идиллиялық поэзия өмірге келеді» деп нақтылай түсіпті. Ал ақын табиғаты қатал, өткен та­рихы одан да қатал өңірде дү­ниеге келсе ше? Бұл ғұламалар сыз­ған фор­мулаға салсақ, Фариза поэ­зия­сының жалпы сипаты өзінің туған жерінің табиғаты мен өткен тари­хының сипаттамасынан аумай қал­ған. Фариза ақын поэзиясы да өзі­нің туған жерінің табиғатымен мінез­дес, тектес, өрістес», – дейді бел­гілі ғалым, ақын Оңайгүл Тұржан.

Туған жердің құрметінен ас­қан қандай бақыт болуы мүмкін? Ақын тойы, поэзия мейрамы, сөз мерекесі осы құрметке әбден лайық Фариза атын тағы бір мәр­те ас­қақтатты.

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар