Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Бала құқығына қатысты мәселелер ортаға салынды

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шараға аймақтық «Бақытты отбасы» қоғамдық кеңесінің, «Балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауды талқылады. Бұл туралы Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.

Бала құқығына қатысты мәселелер ортаға салынды

Шара барысында «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Александр Муха «ONEGE» жаңа әлеуметтік жобасын таныстырды. Аталған жоба елімізде осы жылдың маусым айында жүзеге асырыла бастаған. Мақсат - отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілету, ажырасулар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Аталған жобаны ««Отбасы академиясы» кешенді отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қоры жүзеге асыруда. 

Кеңес мүшелері баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстар берді. Басқосуда Маңғыстау облысы полиция департаменті, жергілікті полиция басқармасына кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу бойынша мектептерде  ашық сабақ жиі өткізіп тұруы, кейбір ауыл мектептерінің жөндеу жұмыстарын жасасып, базалық жағына де назар аудару керектігі айтылды. Сондай-ақ өңірдегі қылмыстарды азайту шараларының бірі ретінде дене шынықтыру және спорт басқармасына балаларды бекітіп, түрлі –секцияларға жазып, бос уақыттарын тиімді өткізу бойынша да ұсыныс айтылды.

Құқық бұзушылық, қылмыс жасауға бейім балалардың әлеуметтік жағдайын бақылауға алып, зерделеу қажеттігін, сондай-ақ арнайы топ жасақтап, жеке алдын-алу жұмыстарын жүргізіп,  партия тарапынан бақылап отыру қажеттігі алға тартылды.  Шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қатысушылар Маңғыстау облысы полиция департаменті, жергілікті полиция басқармасына, жыл сайын жасөспірімдер арасында қылмыстың өсуіне байланысты, нақты қай аймақ, ауданда (мектеп, колледж) орын алып отырғандығы туралы мониторинг жасау,  ҚР Президенттің Жолдауы бойынша инспекторлардың білімін  жетілдіру үшін мемлекеттік тапсырыс берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Ал облыстық білім басқармасына қалалық, аудандық білім бөлімдеріндегі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия жұмысын жандандыру, жеке және мемлекеттік меншіктегі балабақшалардағы балалардың қауіпсіздігі мен педагогтардың білімдеріне мониторинг жүргізу, ауылдық мектептердің сапасының төмендігін, қажетті құрал жабдықтардың жоқтығына байланысты жөндеу жұмыстары үшін облыс әкімдігі мен мәслихатқа ұсыныс білдіру сынды ұсыныстар айтылды.

Бала тәрбиесінде және оларды үлкен өмірге дайындауда бөбекжайдың орны ерекше. Балабақшада бүлдіршіндерді тәрбиелеп, ой-өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер жетуіне барлық жағдай жасалған.  Осы орайда балалардың қауіпсіздігі үшін бөбекжайға камера орнату мәселесі ақсап тұр. Мәселен былтыр  партия тарапынан жекеменшік балабақшадағы камералар орнату бойынша мониторинг жүргізгенде, бірнеше олқылық табылғанын айтып өтті Звира Есбергенова.  Мысалы алысқа бармай-ақ Ақтаудың бірнеше балабақшасында камералар жоқ болса, екіншісінде  бар камерасы жасамайды, қала берді жазба жазылмайтыны белгілі болды. Осы сұрақтың төңірегіндегі сауалдарға келесі  отырыста білім басқармасының өкілдері жауап беруін сұрады.

Басқосуда балалардың құқын қорғау бойынша  партияның жұмысы әлі де күшейетіндігі, Nur Otan партиясы Ақтау қалалық филиалының осы тақырып бойынша отырыс өткізу керектігі, қажет болса көшпелі отырыстар өтетіні айтылды.

Маңғыстау облысы