14 Қыркүйек, 2019

Дариға Назарбаева: Ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және оны нығайту қажет

91 реткөрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева 18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразбен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

 Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығына дайындық туралы айтты. Сенат Төрағасы діни форумның маңызына тоқтала келіп, ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және оны нығайту қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында имамдар тап болып отырған өзекті мәселелер – жалақының төмендігі, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау жайы да талқыланды. Бас мүфти биылғы жылы бір жарым мыңнан астам теолог даярланғанын, алайда олардың 800-і еңбекақының төмендігіне байланысты мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндігін айтты. Серікбай қажы Ораз осы мәселені шешуге жәрдемдесу туралы өтінішін жеткізді. Төраға бұл мәселе заң шығарушылар назарына ұсынылып, талқыға салынатын хабарлады.

Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласында «Хасеки» университетінің филиалы құрылып, онда теолог-магистранттар даярланатынын жеткізді. Дариға Назарбаева бұл шешімнің маңыздылығына назар аударды.

 Кездесу барысында Қазақстандағы діни мамандар тізілімі мен мұсылмандарды жерлеудің бірыңғай стандартын жасау, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ҚМДБ жұмысында сандық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар