Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2019

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Батыс Қазақстан облысында да өтті

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, әр өңірдегі мекемелеріне үндеу тастаған екен. Бүгін республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, »Қазақтелерадио», АҚ, «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК БҚО филиалдарының қызметкерлері қатысты.

«Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Батыс Қазақстан облысында да өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Марат Бассаровтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдаған.

- Бүгін біз әріптестерімізбен Жайық өзенінің жағалауын, 1 және 2 саяжай аймағын тазалап шықтық. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Әсіресе ғасырлар бойы шірімей жата беретін пластик сияқты қоқысты жинау өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға, айналаны таза ұстап, қалдықтарды тастамауға шақырамын, – дейді директор.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында жоғарыда аталған мекемелерде қызмет ететін 300 адам жұмылған. Олардың жинаған қоқысы 3000 тоннаға жеткен.

 

Батыс Қазақстан