14 Қыркүйек, 2019

Елордалықтар келесі жылы газ пайдалана бастайды

75 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында көгілдір отын шығаратын газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Газ құбырының негізгі магистральдары жыл соңына дейін жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің instagram парақшасында жарияланды.

«Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газдандыруды тапсырды. Бүгін желі құрылысы басталды. Жобаның іске асырылу мерзімі де, сапасы да қатаң бақылауда болады. Келесі жылу беру маусымы басталғанға дейін адамдар газды үйге өткізіп үлгеруі үшін, жобаның бірінші кезеңін 2020 жылдың жазында аяқтау керек. Техникалық қадағалау төсемнің тереңдігін, жылу оқшаулау нормаларын, газ құбырларының түйісулерін және орындалатын жұмыстың сапасын зерделеуге тиіс. Мерзімі бойынша тездету керек» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ жобаның бірінші кезегі ЖЭО-1,2,3, Көктал-1,2, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол) дейін газ тарату желілеріне отын беруді көздейді. 1 кезең аяқталған соң 13,5 мың үйдің тұрғындары газға қол жеткізе алады. Жобаның екінші кезегі - Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3 ПК), Пригородный, Garden Village, Family Village (4 ПК) тұрғын алаптары. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ДК), Шұбар (3-ші ДК), Өндіріс (4-ші ДК) тұрғын алаптары газдандырылады.

Жобалаушылардың айтуынша, газ тарату желілері көше желісі бойынша жүргізілетін болады, есептеуіштер қарастырылған. Жеке сектор тұрғындары газды тікелей көше желісінен үйлеріне қосады.

Газ өткізу атмосферадағы зиянды қалдықтарды 6 есеге, қатты заттарды 35 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

https://www.instagram.com/akimat_nur_sultan/

 

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар