Технология • 15 Қыркүйек, 2019

Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Toyota компаниясының инженерлері өте жұқа күн панельдерімен жабдықталған көлікті сынақтан өткізді. Оған жерсеріктеріне арналған арнайы тақтайшалар пайдаланылған.

Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді

Күннен қуат алатын панельдер электромобильдің алғы жағына, төбесіне және артқы терезесіне орналастырылған. Ол көліктің батареясын тоқсыз қуаттандыруға мүмкіндік береді.

Автомобиль сол қуатпен күніне 56 шақырым жүре алады.

"Бұл күн панельдері ғарышта қолдану үшін жасалған. Бірақ біз оны жерде коммерциялық мақсатта пайдалануға күш салмақ ойдамыз. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр", - дейді жоба инженері Ситоси Сизука.