23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1536

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1536


Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:56

2012 жылғы 4 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:56

2012 жылғы 4 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман ресурстарын есепке алумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген тәртіппен бірыңғай жүйе бойынша орындалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.