Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1499
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:56
2012 жылғы 29 қараша, Астана, Үкімет Үйі
«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 5:56
2012 жылғы 29 қараша, Астана, Үкімет Үйі
«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасында:
3-бөлімде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кеден органының жеке шоттарындағы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың азайтылған, есепке жазылған сомалары, оларды төлеу мерзімдерін өзгерту бойынша жазбалар кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзету және лауазымды адамдар кедендік ресімдеу үшін қабылдаған басқа қажетті құжаттардың негізінде жүргізіледі. Аталған құжаттар жоқ болса және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын есептеу, азайту (оның ішінде тексеру/камералды бақылау нәтижелері бойынша) кезінде аталған құжаттарды кедендік ресімдеуді жүргізбейтін кеден органдарының бөлімшелері жеке шоттарға мәліметтерді жазуды Тізілімнің негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған мақсаттар үшін Тізілімді кеден органы (кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жазуды (азайтуды) жүргізетін кедендік бақылау, кедендік ресімдеу, посткедендік бақылау ұйымдары) бөлімшелерінің лауазымды адамы толтырады және кедендік кірістер бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте посткедендік бақылау бөлімшесі Тізілімді толтырады және Тексеру актісін берген күннен кейінгі күннен кешіктірмей төлеушіге жібереді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жеке шотты ашу кезінде төлеушінің кеден органдарында есептік тіркеу деректері негіздеме болады. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ резидент емес жеке тұлғалар үшін мынадай деректемелер көрсетіледі:
1) жеке басын растайтын құжаттың нөмірі мен күні;
2) тегі, аты мен әкесінің аты;
3) бюджеттік сыныптама бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Ашылған кезде заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалардың жеке шоттарында мынадай деректемелер көрсетіледі:
1) толық атауы;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптаушының жалпы коды;
5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі.
24.Дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке шоттарында:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған кезде);
2) тегі, аты мен әкесінің аты;
3) бюджеттік сыныптама коды бойынша төлемнің немесе салықтың коды;
4) кәсіпорындар мен ұйымдар сыныптауышының жалпы коды, экономикалық қызмет сыныптауышының жалпы коды;
5) қосылған құн салығы бойынша жеке шот ашқан кезде қосылған құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің (ол болған кезде) сериясы мен нөмірі көрсетіледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Кеден органының лауазымды адамы төленушімен бірге жылына бір рет Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін жасай отырып, жеке шоттар бойынша деректерді салыстыруды жүргізеді. Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректері және сыртқы экономикалық қызметке қатысушының деректері бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша мәліметтердің ауытқуы анықталған жағдайда төлеуші кеден органына мынадай құжаттардың:
1) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар сомасын төлеуді растайтын төлем құжаты;
2) кедендік декларациялар, кедендік кіріс ордерлері, кедендік құнды түзетулер және олар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік ресімдеу үшін қажетті өзге құжаттар;
3) кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген өзге құжаттар көшірмелерін он жұмыс күні ішінде ұсынады:
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар бойынша салыстыру актісі екі данада жасалады, бір данасы кеден органында қалады, екіншісі төлеушіге беріледі.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Кедендік баждардың, салықтар мен кедендік алымдардың берешегін өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану туралы шешімді алдында берешегі бар кеден органы қабылдайды.
Берешек қалыптасқан күннен бастап бес жыл (қоса алғанда) ішінде өтелмеген берешекті өндіріп алуды және есептен шығаруды үмітсіз деп тану үшін кеден органында кеден органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығы негізінде комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы болып кеден органының басшысы не оны алмастыратын адам тағайындалады. Комиссияның құрамына міндетті түрде заң қызметі, кедендік кірістер және посткедендік бақылау бөлімшелерінің лауазымды адамдары енгізіледі.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығару үш данада ресімделетін және комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын есептен шығару актісі негізінде жүргізіледі. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті есептен шығару актісін кеден органының басшысы бекітеді.
Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар бойынша берешекті есептен шығарудың бекітілген актісінің даналары қатаң есептілік құжаттарын сақтау үшін көзделген тәртіппен кеден органында:
біріншісі – кедендік кірістер бөлімшесінде;
екіншісі – посткедендік бақылау бөлімшесінде;
үшіншісі–мұрағатта сақталады.»;
көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1499 қаулысына 1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасына қосымша
Нысан
Бекітемін
________________________ бастығы
(кеден органының атауы)
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(МО, қолы)
20____жылғы «___» _____________
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың
бюджетке артық (қате) төленген сомасының бар екені
туралы
№ ______ растау
_______________________________________________ беру үшін
(төлеушінің атауы / Т.А.Ә.)
беру үшін төлеушінің СТН______________________________
ЖСН/БСН (бар болған жағдайда)_________________________
_______________________________________________берілді
(бенефициар салық органының атауы)
бенефициар салық органының СТН__________________________
БСН (бар болған жағдайда)_________________________________
20___ жылғы «__» __________№ __________ салыстыру актісінің қорытындысы бойынша
(теңге)
Р/с
№ Кедендік төлемнің және/немесе салықтың атауы Бюджетке төленді Артық төленген сома
Төлем құжатының күні, нөмірі Бюджеттік сыныптама коды (БСК) Төлем тағайындау коды Сома
1 2 3 4 5 6 7
Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы мынадай себептер бойынша қалыптасты (тиісті ұяшықта (тарда) R көрсетіңіз:
[ ] тауарларды еркін айналысқа шығарғаннан кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасының азаюы;
[ ] кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік алымдарды аванспен төлеу;
[ ] басқа себептер.
Р/с № Белгіленген себеп Себептердің сипаттамасы*
1 2 3
Кірістер бөлімінің бастығы ______________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Ескертпе*
*3-бағанды толтырған кезде артық төленген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қалыптасуының әрбір себебінің нақты сипаттамасын негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар төленген құжаттардың; негізге алынып кедендік төлемдер, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар есептелген (есепке жазылған, толықтырып есептелген) құжаттардың, негізге алынып бастапқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың деректемелерін көрсете отырып беру қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1499 қаулысына 2-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасына 1-қосымша
Нысан
______________________________________________________ бойынша
(төлемнің (немесе салықтың) атауы және коды)
жеке шот
Төлеушінің атауы (немесе жеке тұлғалар үшін Т.А.Ә.) __________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі ______________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)_______________
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышының коды __________________________
Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды________________________________
Қосымша құн салығы бойынша есепке тұруы туралы куәліктің сериясы мен нөмірі және қосылған құн салығы
бойынша есепке тұру күні_____________________________________________________
Р/с № Жазба күні Құжат үлгісі Құжаттың № Құжаттың
күні Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) Төленді Есепке жазылды Азайтылды Қайтару/кейінге қалдыру Операция соңындағы төлем/салық сальдосы Өсімпұлдан сальдо
Негізгі төлемдер есепке жазылды Есепке жатқызу әдісімен ҚҚС есепке жазылды Өсімпұл есепке жазылды Негізгі төлемді есепке жазу азайтылды Өсімпұлды есепке жазу азайтылды Қайта
рылды Кейінге қалдыр ылды/бөліп-бөліп төленді
1 2 3 4 5 6 7 8.1 8.2 9 10 11 12 13 14 15
1
Жиыны:
Қорытындылар: _________________________________________төленді
_______________________________ негізгі төлем есепке жазылды
___________________________________ өсімпұл есепке жазылды
________________________ негізгі төлемді есепке жазу азайтылды
___________________________ өсімпұлды есепке жазу азайтылды
____________________________________ бюджеттен қайтарылды
_______________ төлемдер кейінге қалдырылды/бөліп-бөліп төленді
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер есепке жазылды
_______________ кейінге қалдырылған/бөліп-бөліп төленген төлемдер өтелген жоқ
_______________ төлеушінің СТН
_______________ төлеушінің ЖСН/БСН (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1499 қаулысына 3-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасына 2-қосымша
Нысан
Кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың сомасын есепке жазуға (азайтуға) тізілім
Р/с № Төлеушінің атауы Салық төлеушінің тіркеу нөмірі Жеке сәйкестендіру нөмірі /Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) Төлем (салық) түрі Бюджет кірістері сыныптамасының коды Тауарлар декларациясы және басқа құжаттар бойынша есепке жазуға (азайтуға) (+, -)
құжат төлеу мерзімі төлем (салық) сомасы өсімпұл сомасы
түрі нөмірі күні
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Жиыны:
Тізілімді:_________________________________________________________________ тапсырды
(ресімдеу, посткедендік бақылау және т.б. бөлімдері қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен колы)
Тізілімді:________________________________________ қабылдап алды және жеке шоттарға
(кірістер бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы мен колы) тарату жүргізді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1499 қаулысына 4-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасына 3-қосымша
Нысан
Жиынтық қорытындылар кітабы
Жазба № Төлеушінің атауы Салық төлеушінің тіркеу нөмірі Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) Төлемнің/салықтың түрі мен коды Төлемнің/салықтың түрі мен коды
Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) Кіріс Шығыс Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы (+, -) Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -) Кіріс Шығыс Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
1
2
3
Жиыны қаңтарда
1
2
3
Жиыны ақпанда
1
2
3
және т.б.
Жиыны қаржы кезеңінде
кестенің жалғасы:
Төлемнің/салықтың түрі мен коды Төлемнің/салықтың түрі мен коды Барлығы жеке шоттар бойынша
Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы
(+, -) Кіріс Шығыс Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -) Операция басталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -) Кіріс Шығыс Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -) Операция басталғандағы төлем/салық сальдосы
(+, -) Кіріс Шығыс Операция аяқталғандағы төлем/ салық сальдосы
(+, -)
13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24