Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Ақтауда АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек жандарға арналған жоба қолға алынбақ

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өркениетті келешек»  қоғамдық қоры 2019-2020 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Мен бармын!»  жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ақтауда АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек жандарға арналған жоба қолға алынбақ

Жоба Ақтау қаласының ерекше қажеттілігі бар тұрғындарына қолжетімді орта жасауға бағытталған. Жалпы Ақтау қаласында 200-ден астам коляскамен жүретін тұрғындар тұрады, сонымен қатар баланың коляскасымен жүретін ата-аналар қаншама. Алайда қаланың нысандарының пандустары мен теппелерінің толығымен стандарттарға сай болмауы олардың күнделікті өмірін тек үйде өткізуіне әкеліп соқтырып отыр.

Дамыған қоғамда осындай ерекше балалар мен үлкендер кез-келген жерге өздері барып, спортпен айналысып, күнделікті өмірін жай ғана тұрғындар сияқты еш қиындықсыз өткізеді.

Жоба аясында әлеуметтік видеролик жасап, билборд іліп, қоғам назарын аталған проблемаға аудару үшін шаралар ұйымдастырады. Сонымен қатар «Мен бармын!» әлеуметтік желідегі посттар байқауы өтеді. Байқауда коляскадағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындар мен балалы аналар дұрыс жасалмаған немесе мүлдем пандус жоқ жерлерде суретке түсіп, әлеуметтік желіде жариялайды. Байқау нәтижесінде барлық қатысушыларға керемет сыйлықар табыс етіледі. Байқауда анықталған 10 нысанның пандусы жөнделеді. Ал 5 пандусты нысандардың иелері жасауын қоғам талап етеді. Сонымен қатар «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының ашқан «Періште» орталығында Ақтау қаласының мүмкіндігі шектеулі 20-25 тұрғынына оңалту шаралары, йога, емдік физкультура, биоаккустикалық аппаратпен курстар, ағылшын тілі, қолөнер сабақтары жүргізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы