Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда жаңа кадрлық тағайындаулар болды

897 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Серікбай Трұмов аппараттық жиында облыс әкімдігіндегі жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды.

Маңғыстауда жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып (арнайы тексеру нәтижесін алғанға дейін) Нұрбол Телегенов және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып  (арнайы тексеру нәтижесін алғанға дейін) Шабай Тәжіғараев тағайындалды.

Нұрбол Аблайұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары.

Еңбек жолын 2004 жылы «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған, кейін «Отан» партиясының орталық аппаратының хатшы-референті.

2006 – 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, кейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде бас маман, бас сарапшы қызметтерін атқарған.

2008 – 2009 жылдары Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2009 – 2010 жылдары «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамында персоналды басқару департаментінің менеджері.

2010 - 2013 жылдары Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы болды.

2013 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бас маманы, кеңсе қызметінің басшысы, кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі.

2014 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі, бас консультанты қызметтерін атқарды.

2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды.

1

 

Шабай Баянқұлұлы 1968 жылы туған, білімі жоғары, «инженер-құрылысшы» және «бағалаушы» мамандықтары бойынша бітірген.

Шабай Баянқұлұлы құрылыс саласында 27 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жауапты, басшы лауазымдарда болған.

Еңбек жолын 1992 жылы «Ақтаутрансгаз» мемлекеттік кәсіпорнында инженер қызметінен бастаған.

1994 – 2002 жылдар аралығында Бейнеу кеден бекетінде инспектор, Маңғыстау облыстық «мемлекеттік құрылыс лицензия» орталығының инженері, директор орынбасары болды.

2002 – 2008 жылдары «Ұлттық «Құрылыс Колсалтинг» орталығы» жабық акционерлік қоғамы директорының орынбасары, директоры, кейін «АқтауБилдсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры, бас директоры болды.

2008 – 2010 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2010 - 2012 жылдары «НК «СПК «Каспий» АҚ –ның Құрылыс және техникалық қадағалау және Экономикалық сараптама департаменттерінде менеджер қызметтерін атқарды.

2012 – 2015 жылдары «Мемлекеттік сараптама» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары, кейін «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

2016 – 2019 жылдары «Беген Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарған.

 

1

 

Маңғыстау облысы