Экология • 17 Қыркүйек, 2019

Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қыркүйек күні елордада Дүниежүзілік тазалық және Ағаш отырғызу күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді

Сенбілікке кәсіпорындар, ұйымдар мен жоғары оқу орындары, ортакәсіптік оқу мекемелері, мектепке дейінгі мен жалпы білім беретін мекемелер, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қатысады деп жоспарланған.

Сенбілікке шығатындарға қоқысты жинауға арналған (күрек, тырнауыш) жабдықтар, қолғап пен қаптар беріледі. Сондай-ақ сол күні елордамыз «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, оған әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн ерікті қатысады.

Жиналған барлық қалдықтар сұрыпталып, одан әрі қалдықтарды өңдеу зауытына тасымалданады. Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты - қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, айналаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу. Көшелерді және аулаларды абаттандырып, қаланы тазалау жұмысына елордамыздың кез-келген тұрғыны қосыла алады.