Президент • 17 Қыркүйек, 2019

Президент: Ауылдарды кешенді түрде дамыту керек

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамыту қажет екенін айтты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Президент: Ауылдарды кешенді түрде дамыту керек

«Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Елімізде 6,5 мыңнан астам ауылдық елді мекен бар. Халықтың 40 пайыздан астамы сонда тұрады. Солардың 85 пайызы негізгі елді мекендерде немесе жақын маңдағы серіктес ауылдарда қоныстанған. Үкімет өңір әкімдерімен бірлесіп, тіректі елді мекендерді дамыту мәселелерін мұқият қарауы керек. Олар лайықты инфрақұрылымға және заманауи талаптарға сай жаңғыртылуы қажет. Бұл үшін, әрине, жайлы жолдар, қолжетімді байланыс пен интернет, заманауи білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.