Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019

Түркістан жұртшылығы Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

27 реткөрсетілді

2019 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш іс-шараны Еуразиялық интеграция институты мен Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. 

«Дөңгелек үстелдің» мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауда ұсынған басым міндеттерін талқылау. Жиынға жоғары білім жүйесінің, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар мен кәсіпкерлер қатысты.

Іс-шараның модераторы, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров Ел Президентінің Жолдауы елдегі әлеуметтік-саяси процестердің негізгі элементі және қоғамдық болмысты байыппен жаңарту контуры екенін атап өтті.

«Президент Жолдауы еліміздегі әлеуметтік-саяси процестердің және қоғамдық сананы жаңғыртудың базалық элементі болып табылады. Мемлекет пен азаматтар арасында байланыстың жаңа форматы, тұрғындармен кері байланыстың жаңа механизмдері қажет. Бұл ретте жастар қауымы ең белсенді әрі негізгі күш екені даусыз. Бұл Жолдауда әлеуметтік мәселелермен қатар қоғамдық-саяси үрдістерді жаңғырту, қоғаммен билік арасында диалог орнату мәселелері қамтылған. Өзгеріссіз бірде-бір қоғам немесе мемлекет дами алмайды. Сондықтан біз қоғамдағы жаңа өзгерістерге, даму процестеріне дайын болуымыз керек. Ол үшін ұлттың санасын көтере отырып, жаңа әлеуметтік стандардтарды жасаған абзал», деген саясаттанушы жаңа дәуірі басталған Түркістан облысы мен Түркістан қаласының ірі орталыққа айналатынына сенім білдірді.

Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы саяси маусымды ашып бергенін айтты. Оның айтуынша, Президент Жолдауында қоғамдағы ең маңызды әрі өзекті мәселелер түгел қамтылған.

Түрлі санаттағы азаматтардың пікірлерінен Президенттің алғашқы Жолдауы жоғары білім жүйесі өкілдерінің ғана емес, жастар арасында да зор қызығушылық тудырғанын аңғарылды. Сөз сөйлеушілер Жолдауға деген қызығушылығын ондағы айтылған стратегиялық, экономикалық, саяси даму векторларымен қатар, орталық пен өңірлерде жиналып қалған көкейтесті проблемаларға ерекше көңіл бөлінуімен түсіндірді.

«Түркістан облысының жастары Мемлекет Басшысының Жолдауындағы әлеуметтік және саяси бастамаларды қызығушылықпен қабылдады және осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға атсалысады. Жолдауды талқылап қана қоймай, нақты іске көшу керек», дейді жиынға қатысушылар.

Басқосуда демография, әлеуметтік көмек, саяси либерализация, адам капиталын дамыту, қазақ халқын кәсіпкерлікке бейімдеу және өзге де мәселелер сөз болды.

Түркістанда Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының орындалуын қоғамдық бақылаудың тетіктері тиімді дамуда. Азаматтар мен өңірлік билік органдарының бірлескен бастамасы бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарастыратын және жауап беретін құрылым құрылған.

1

2

3

 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар