Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Шетпені шаңға көмген карьерлердің тас уату қондырғылары ауылдан 10 шақырым қашықтыққа көшіріледі

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шетпені шаңға көмген карьерлердің тас уату қондырғылары ауылдан 10 шақырым қашықтыққа көшіріледі

- Шетпе ауылы маңында орналасқан карьерлердің қоршаған ортаны ластауы, шаңытуы мәселесі тұрғындар тарапынан бірнеше жылдардан бері көтеріліп келеді. Мәселені қоғамдық кеңестің қарауына салдық. Жақында облыс әкімінің орынбасары Б.Кашақовтың төрағалығымен Шетпе ауылында осы карьерлердің шаң шығару мәселесі жөнінде үлкен кеңейтілген жиын өтті. Оған осы мәселеге қатысты облыстық басқарма, департамент басшылары қатысты. Жиын қорытындысымен арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, деді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Т.Жеткізгенұлы.

Жалпы карьерлерге жер телімі облыстық жер қатынастары басқармасы арқылы беріледі. Карьерлер келісім шартқа сол облыстық жер қатынастары басқармасымен отырған. Біз өз кезегімізде осы мәселелерді толықтай шешу жөнінде оларға хат жолдадық, ұсыныстарымызды бердік. Жер қатынастары басқармасы, экология департаменті тарапынан карьерлердің жұмысына, қоршаған ортаны ластау, шаң шығару фактілеріне байланысты бірнеше рет тексерулер де ұйымдастырылды. Қазіргі таңда осы Шетпе маңында жұмыс жасап тұрған карьерлердің тас уату қондырғыларын ауылдан 10 шақырым қашықтыққа, бұрынғы Қызылтұран тас карьерінің қарсы бетіне көшіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Карьер иелері тас уату қондырғыларын көшірген жағдайда Шетпенің шаңы 70 пайызға азаяды. Бұл мәселемен тікелей облыстық жер қатынастары басқармасы мен экология департаменті айналысып жатыр. Мәселе біздің қатаң бақылауымызда, деді Маңғыстау ауданының әкімі.