Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Қостанайда полиция волонтерлері жұмыс істей бастады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Волонтерлер полицияға көшелерді патрульдеуге, жоғалған адамдарды іздеуге, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектесетін болады. Қостанай қаласы полиция басқармасының «Набережный» бекетінде 10 еріктіге арнайы кеудешелер мен куәліктер тапсырылды.

Қостанайда полиция волонтерлері жұмыс істей бастады

«Полиция волонтері» атының тағы бір артықшылығы – келешекте жұмысқа орналасуға оң септігін тигізеді» деді Қостанай облысы полиция департаменті кадр саясаты басқармасының бастығы, полковник Бағдат Итесов.

«Полиция волонтері» деген жазуы бар куәлік пен арнайы кеудешелерді жергілікті полиция қызметінің бастығы подполковник Құрмет Мәжікенов табыс етті.

«Бүгін полиция саласында 500-ден астам адам ерікті түрде көмек көрсетеді. Олар жыл басынан бері олар 12 қылмыс пен 400 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқаны үшін 110 полиция көмекшісі марапатталды» деді Құрмет Мәжікенов.

Полиция еріктісі Салтанат Аймұрзина да куәлігін алғандардың арасында болды. Ол екі жыл бойы «ДОС» іздестіру жасағының құрамында белсенді жұмыс істеп келеді.

«Мен мұны азаматтық парызым деп санаймын.  Біздің отряд жоғалған адамдарды іздеудегі іс-шараларын белсенді жүргізеді, сондай-ақ мұқтаждарға көмектеседі. «Полиция волонтері» атын  одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, өйткені біз осы мамандықтың қыр-сырын қазірдің өзінде меңгеріп үлгердік» дейді ол.

Еріктілер қозғалысының маңыздылығы жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше атап өткен болатын. Алдағы жыл елімізде еріктілер жылы болып жарияланды.

 

Қостанай