Саясат • 19 Қыркүйек, 2019

Рудныйда нұротандықтар мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рудный қаласында «Nur Otan» партиясының «Индустриалық даму» бағытындағы аймақтық комиссия мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Партиялықтар мен мемлекеттік орган өкілдері бірқатар кәсіпорындарды аралап, индустриалық-инновациялық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.

Рудныйда нұротандықтар мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты

Комиссия мүшелері ең алдымен Рудныйдағы «Жас Қанат – 2006» құс фабрикасына барды. Жаңғырту жұмыстарының үш кезеңінен өткен кәсіпорында, барлық инфрақұрылым жүйелері өткізіліп, жоғары техногологиялық жабдықтар сатып алынған. Инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асады. Сұрыптау цехында аймақтық комиссияның төрағасы, облыстық «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаты Самат Ақышевқа сағатына 120 мың жұмыртқаны дайындайтын Nabel атты жапондық жабдық таныстырылды. Өндірісті автоматизациялау арқылы 8 сағаттық жұмыс күнінде 1 млн жұмыртқаға дейін тасымалдауға болады.

«Жаңғырту шаралары аясында жұмыртқа, ет және тағы басқа. өнімдерді терең өндеудің автоматты желісін қосуды жоспарлап отырмыз. 2019-2021 жылдар аралығында тұқымды репродуктордың құрылысы жоспарланған. Бұл жабдық толық автоматтандырылған.  Жобаның сәтті жүзеге асуы импорт көлемін 40 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді» дейді «Жас-Қанат 2006» ЖШС-ның өндірісті дамыту жөніндегі директоры Александр Коростылев.

Комиссия мүшелері Рудныйдағы индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өткен жылдың желтоқсан айында іске қосылған цемент зауытында да болды. Алғашқы өнім мұнда сәуір айынан дайындала бастады. Бір айдан кейін, цементтік диірмен іске қосылды. Бүгінде мамандар жөнелту желісін одан әрі дамытуымен айналысуда. Заманауи темір жол таразысы орнатылатын болады. Бұл өнімді жедел тасымалдауға мүмкіндік береді.

«Нарық өте үлкен болғандықтан, біз негізгі төрт бағытты қамтып отырмыз: 50 келілік қаптармен сату, жұмсақ контейнерге тонналық цементтерді жөнелту, цемент тасымалдайтын көліктер мен теміржол арқылы жеткізу» дейді зауыт директоры Артем Макласов.

Орталық басқару пультінің оператор мамандары Белград мемлекеттік технологиялық университетінде даярланды. Сондай-ақ, арнайы мамандарды Рудный индустриалық институты мен жергілікті орта білім беру мекемелері қолға алған. Халық қалаулысы Самат Ақышевтің а  туынша, рудныйлық цементтің негізгі сапасы оның төзімділігінде. Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша комиссия мүшелері кеншілер шаһарындағы мемлекеттің жәрдемімен жүзеге асырылып жатқан толайым табыстарға оң бағасын берді.

Рудный