Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019

Бас прокуратура: Қазақстанда қылмыс деңгейі 14%-ға төмендеді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді

Бас прокуратура: Қазақстанда қылмыс деңгейі 14%-ға төмендеді

Спикердың айтуынша 2025 Стратегиясын іске асыру барысында Бас прокуратура Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық-процесстік Кодекстерін жетілдіру туралы заң жобасын әзірлеген.

«Прокурорлармен азаматтарды заңсыз ұстаудың 600 фактісі анықталды. 149 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын өрескел бұзғаны үшін 4 177 тәртіп сақшысына жаза қолданылды», - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Сонымен қатар қылмыстық істерден бөлек прокуратурамен алынған шаралар аясында 22 мың жұмысшының жалақы берешегі өндірілген.