26 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №4/195

307 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №4/195


Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:00

2013 жылғы 25 қаңтардағы, Астана қаласы

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалсын.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:00

2013 жылғы 25 қаңтардағы, Астана қаласы

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабының 13) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сай бекітілсін.
3. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ. ТҰРҒАНҚҰЛОВ,
Хатшы Б. МЕЛДЕШОВ.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2013 жылғы 25 қаңтардағы №4/195 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну.
Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық және аудандық мәслихаттары мен азаматтар – өзін өзі ұсыну жолымен.
Сайлау тағайындалғаннан кейінгі келесі күні – 2013 жылғы 27 қаңтарда басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда – 2013 жылғы 14 ақпанда аяқталады.
(71-б. 1, 2-т.т.)
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 2013 жылғы 5 ақпаннан кешіктірмей.
(13-б. 4-т.)
3. Таңдаушылардың тізімдерін жасау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының ұсынуы бойынша.
(24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.)
4. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге облыстық сайлау комиссиясына жіберу.
Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық және аудандық мәслихаттары.
(71-б. 4-т.)
5. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы қоятын талаптарға сәйкестігін анықтау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Үш күн ішінде.
(4-б., 70-б., 71-б. 6 т.)
6. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктер беру.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап сайлау науқаны аяқталғанға дейін.
(14-б. 5) т.т., 31-б.)
7. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын беру.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзім ішінде.
(71-б. 6-т.)
8. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Оларды облыстық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін бес күн мерзім ішінде.
(72-б. 6-т.)

9. Тұрғылықты жері бойынша салық органына 2013 жылғы бірінші қаңтарға Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация ұсыну.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тiркелгенге дейін.
(73-б. 2-т.)
10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.
Салық қызметі органдары.
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.
(73-б. 2-т.)
11. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда – 2013 жылғы 22 ақпанда аяқталады.
(14-б. 5) т.т.,73-б.)
12. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жеті күннен кешіктірмей.
(14-б. 5) т-ша, 73-б. 6-т. 2) т-ша)
13. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын тiркеу.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар.
Кандидаттың Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына өтініш берген сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде (Ортсайлаукомның 19.08.2010 ж.
№ 7/8 қаулысы).
(34-б. 2-т.)
14. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Кандидат тіркелгеннен кейін.
(34-б. 6-т.)
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2013 жылғы 23 ақпанда басталады және 13 наурызда сағат 24-те аяқталады).
(27-б. 2-т.)
16. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен таныстыру үшін ұсыну.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Сайлауға кемінде жеті күн қалғанда – 2013 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей.
(26-б. 2-т.)
17. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.
(40-б. 2, 4-т.т.)
18. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша дауыс беруді өткізу. Дауыстарды санау және Сенат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
2013 жылғы 15 наурызда бір күн ішінде.
(14-б. 5) т-ша, 38-б. 4-т., 41-б. 1-5, 9-т.т.,
42-б., 43-б. 2, 4, 5, 7, 7-1, 9-т.т., 77-б., 78-б.)
19. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жасау және оны Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына тапсыру.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
(77-б. 7-т.)
20. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудағы дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде – 2013 жылғы 16 наурыздан кешіктірмей.
(14-б. 5) т.т., 78-б.)
21. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудың қорытындыларын анықтау.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде – 2013 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей.
(12-б. 10) т.т., 44-б. 1-т., 81-б. 1-т.)
22. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен – 2013 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей.
(12-б. 10) т.т., 44-б. 4, 5-т.т.)
23. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаттығына кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы.
Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде – 2013 жылғы 3 сәуірден кешіктірмей.
(34-б. 4-т.)
24. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутатын тіркеу, белгiленген үлгiдегi тиісті куәлiгi мен омырауға тағатын белгiсiн тапсыру.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.
(45-б., 46-б. 2-т., 82-б.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер жасалды.