Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 18-02/627
Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 6:22
2012 жылғы 6 желтоқсан Астана қаласы
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:
Сәрсенбі, 30 қаңтар 2013 6:22
2012 жылғы 6 желтоқсан Астана қаласы
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау ережесін бекіту туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесінде:
3-тармақ 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарлар дүниесінің акваөсіру, жерсіндіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;»;
10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жануарларды акваөсіру, интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға арналған биологиялық негіздемені дайындаған кезде келесі мәліметтер көрсетіледі:».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 17 қаңтардағы Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде №8277 болып енгізілді.