Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Минскіде «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: Соттың рөлі» халықаралық конференциясына қатысып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жыл – М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында өзім ұсынған еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының 5 жылдығы мерейтойлық даталармен ерекшеленіп отыр», делінген Елбасының жеделхатында.
Еуразиялық экономикалық одақ 180 миллионнан астам халқы бар бес мемлекеттің әлеуетін біріктіріп отырған маңызды интеграциялық ұйым болып табылады. ЕАЭО қызметі тең құқықтық, өзара тиімділік және бір-бірінің мүдделерін құрметтеу қағидаттарына негізделген.
«Экономикалық интеграцияны құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету оны нәтижелі дамытудың ажырамас әрі міндетті шарты болып табылады. Сондықтан ЕАЭО сотының шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін қараудағы және ЕАЭО құқығын мүше мемлекеттер мен Одақ органдарының, сондай-ақ Одақтың үшінші тараптармен халықаралық шарттарын біркелкі қолдануды қамтамасыз етудегі рөлі ерекше», делінген Н.Ә.Назарбаевтың жеделхатында.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы ЕАЭО Соты ЕАЭО құқығын түсіндіру бойынша өз міндеттерін табысты орындап, туындаған даулы жағдайларды объективті түрде шешуіне, ол біздің ортақ ісіміздің дамуына баға жетпес үлес болатынына сенім білдірді.
Конференцияда сөйлеген сөзінде Сенат Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров ЕАЭО мемлекеттері арасындағы экономикалық құқықтық қатынастардың алуан түрлілігі, тауарлар мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету қажеттігі ЕАЭО Сотынан құқықтық кеңістіктегі олқылықтарды тез әрі тиімді толтыруды, мүше мемлекеттердегі қазіргі кездегі құқық қолдану проблемаларын жою мақсатында Одақ құқығындағы түсініксіздік пен екіұштылықты уақтылы жоюды талап ететінін атап өтті.
Қазақстанның белгілі ғалым-құқықтанушы, ТМД елдеріне кеңінен танымал Нағашыбай Шайкенов кезінде «Әлсіздерді күштімен теңестіруге, оларға тең мүмкіндіктер беруге құқық және тек қана құқық қабілетті», - деген болатын.
«Барлық мүше мемлекеттер тауарлар мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы тиісті деңгейде құқықтық қамтамасыз етілген ЕАЭО-да тең құқықтар мен мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс», деді Б.Бекназаров.
Бектас Бекназаров сөз соңында ЕАЭО туралы шартты, сондай-ақ Одақ Сотының мәртебесін одан әрі жетілдіру ЕАЭО мүше-мемлекеттері ішіндегі тауарлар мен жұмыс күшінің еркін қозғалысындағы кедергілер мен кедергілерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді деген пікірін білдірді.
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар