Спорт • 20 Қыркүйек, 2019

Эльмира Сыздықова әлем чемпионатынан бесінші орын алды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Эльмира Сыздықова әлем чемпионатынан бесінші орын алды

76 келі салмақта сынға түскен Эльмира Сыздықова қола медаль үшін өткен күресте германиялық Алена Роттер Фоктан ұтылып қалды. Кездесу 0:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Эльмира өз еліміздегі әлем чемпионатында бесінші орыннан көрінді.