Спорт • 20 Қыркүйек, 2019

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды. 52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов қола медаль иегері атанды. Бұл туралы  Оlympic.kz хабарлады.

Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сәкен Бибосынов жартылай финалда үндістандық Амит Пангалмен кездескен болатын. Амит биылғы Азия чемпионы әрі 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. 

Қазақстандық боксшы тәжірибелі қарсыласынан қаймыққан жоқ. Үш раунд бойы Амитке біраз соққы дарытқан Сәкенге сәл ғана тәжірибе жетпей қалды.

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті үндістандық боксшыға берді. Ал Сәкен Бибосынов өзі алғаш рет қатысып отырған әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.