Руханият • 22 Қыркүйек, 2019

Нұртас Оңдасынов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті ​

112 реткөрсетілді

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастармен кездесу өткізді. Бұл жөнінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы баспасөз қызметінің басшы-хатшысы Сырымбек Төлеу хабарлады.

Кездесудің басты тақырыбы Алаштың еліміз бен жеріміздің тұтастығына үлкен үлес қосқан текті тұлғалары туралы өрбіді. Зауытбек Тұрысбеков Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында атқарылған жұмыстардың жүзеге асуының маңыздылығын атап өтіп, жастарды отансүйгіштікке және өз Отанының тарихын білуге ​​шақырды.

Шараға жиналған зиялы қауым өкілдерімен қатар магистранттар, докторанттар және академия студенттері еліміз тарихына қатысты айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытты.

«Кешегі Кеңестер Одағын басқарғандардың бірі Никита Хрущевтің ең зор саяси қателігі – қазақ даласын ядролық сынақ алаңына айналдыруы мен жерін бөлшектеп, Мәскеуге бағындырғысы келуі болды. Оның сыртында мұнайлы аймағын Түркіменстан мен Әзірбайжанға, оңтүстік өңірді Өзбекстанға бере салуы сияқты зұлымдық идеясына ашықтан-ашық қарсы шығып, ұлтының мүддесін қолындағы биліктен де биік қойған халқымыздың арыстан тектес тұлғаларын бүгінгі жастар білуі керек» деді Зауытбек Қауысбекұлы. Өзінің бастамасымен түсірілген Нұртас Оңдасынов туралы деректі фильмнің тұсаукесері болды, оны кездесуге жиналған зиялы қауым өкілдері, ғалымдармен қатар, жастар тамашалады. Сондай-ақ Зауытбек Тұрысбеков «Кісендеулі жолбарыс» атанған Жұмабек Тәшенев, жан баспаған жапан даламыздың қойнауынан «қара алтынның» қоймасын ашқан Қаныш Сәтпаев пен Шахмардан Есеновтер, қазақ тарихында ойып алар орны бар басқа да тұлғалар жөнінде ерекше толғаныспен жеткізді.

Еске сала кетсек, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков тарихи тұлғалар жөнінде деректі фильмдер түсіру идеясын ұсынып, қолдау көрсеткен болатын.

Фильмдердің авторы – Назгүл Абутрапова.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар