Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2019

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шетел азаматтарын өтінішпен қабылдады

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бір топ туысатрымен бірге қоғамдық қабылдауда болған Мансур Тоқаниязов Иран Ислам Республикасынан ата қонысқа келген. «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының заңгері Батыр Шағыров және Маңғыстау облысы көші-қон полиция басқармасының басшысы Гүлшара Бастаубаева шетел азаматтарының мәселелерін заң аясында қарады.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шетел азаматтарын өтінішпен қабылдады

Қазақстан Республикасына тұрақты көшіп келуді мақсат еткен олар, азаматтық ала алмай жүргендігін айтып, Ақтау қаласында орналасқан Иран Республикасының Бас Консулдығына жолыққан. 

Бұл азаматтардың құжаттарына мөр қою үшін Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ҚР Сыртқы Істер министрлігіне баруы талап етіледі. Иран азаматтары еліміздің бас шаһарына бару үшін, орыс тілін білмейтінін айтып, мәселені Ақтау қаласында шешіп беру жөнінде өтініш білдірген.

Гүлшара Бастаубаеваның айтуынша, бұл мәселе көші–қон полициясының құзырына жатпайды және бұл іспен ҚР Сыртқы істер министрі айналысады.

-Себебі, шетел азаматтары алыс шет елден келген болса, кеткендігін растайтын құжатқа арнайы мөр соғылуы қажет. Нұр-Сұлтан қаласына біз ҚР Ішкі істер министрлігіне сіздің талаптарыңызды жазып жіберейік, осыншама азамат қазіргі таңда «Nur Otan» партиясына келіп, Нұр-Сұлтан қаласына баруға қаражат жағы қиындық тудыратынына шағымданып отырғанын да жазып көрсетеміз, деді ол.

Алайда ресми түрде жолданған хатқа жауап алубелгілі бір уақытты талап етеді, сондықтан өтінішпен жүгінген барлық азаматтардың құжаттарын жинақтап, сенімхат арқылы бір адамның барып келуі ұсынылды.

Сонымен қатар, Ақтау қаласында орналасқан Иран Ислам Республикасының Бас Консулдығына барып, келесі келген азаматтардың құжаттарын өздері қабылдауын және Иран елшісінен қойдырып әкелетін мөрдің уақыт шектеуін қоймауын қадағалаусұралды.  

Иран азаматтарының ауызша өтініштері толықтай қаралып, заңды түрде кеңестер берілді, деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы К.Айбергенқызы.