Саясат • 22 Қыркүйек, 2019

Нұрлан Нығматулин Ли Чжаншумен кездесті

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаншумен кездесті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Ли Чжаншумен кездесті

Палата Спикері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшылығы негізін қалаған елдеріміз арасын­дағы сенімді саяси диалог, тығыз экономикалық байланысқа ай­рықша назар аударды.

Сондай-ақ Н.Нығматулин Қы­тайға тұңғыш мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев пен Қытай Төра­ғасы Си Цзиньпин арасында жа­сал­ған келіссөздер Қазақстан мен Қы­тай қатынасын мәңгілік жан-жақ­ты стратегиялық әріптестік дең­гейіне жеткізгенін және біздің мем­ле­кеттеріміз ынтымақтас­ты­ғында жаңа тарихи кезең бас­талғанын атап өтті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық деңгейін өте жоға­ры бағалады. Ли Чжаньшу Қытай келешекте де өз даму жолы бар Қазақстанның гүлденуіне ниет­тес бола отырып, алдағы уақытта да еліміздің халықаралық аренада салмақты рөл атқаруына қолдау көрсететіндігін жеткізді. Осы ретте Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы жақында мемлекеттер басшылары қол қойған мәңгілік жан-жақты стра­тегиялық әріптестік туралы бірлескен мә­лімдеменің маңыз­ды­лығына тоқталды.

Мәжіліс Төрағасы екі ел ық­пал­дастығын одан әрі терең­де­туде парла­ментаралық байла­ныс­тың маңызы зор екенін айт­ты. Осыған орай тараптар заңна­малық, әсіресе реформалар мен инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету бағытында тәжі­рибе алмасуға келісті.

Кездесу барысында Н.Нығ­матулин Ли Чжаньшу бастаған делегация сапары елдеріміздің көпжақты әріптестігі мен тату көршілікті нығайтуға ерекше ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс Төрағасы ресми са­пар­дың Қытай Халық Республи­касы құры­луының 70 жылдық мерейтойымен сәй­кес келгенін алға тартып, достас Қытай еліне өркениет пен бақ-береке тіледі.