Саясат • 22 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин Ли Чжаньшумен кездесті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында кездесті.

Асқар Мамин Ли Чжаньшумен кездесті

Үкімет басшысы Қытай парламентінің басшыларымен «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасы және «Бір белдеу – бір жол» қытай бастамасы аясындағы ынтымақтастықтың келешегін, оның ішінде Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселесін талқылады.

АХҚО басқарушысы Қ.Ке­лім­­бетов Қазақстан Пре­мьер-Ми­нистрі мен БХӨЖ ТК тө­рағасын «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы АХҚО жұмысымен, сондай-ақ АХҚО биржасының, соты мен ха­лық­аралық арбитраж орта­лығының дамуымен таныстырды.

«АХҚО – Қазақстанның ірі жобаларының бірі. Ол ай­мақ­тағы жетекші қаржы орталы­ғына айналуы тиіс», деді А.Ма­мин өз сөзінде.

ҚХР атынан АХҚО-ға қаты­сушы – Қытай құрылыс бан­кінің, Шанхай қор биржа­сының, «СИТИК секьюритиз» компаниясының, Қытай Мемлекеттік даму банкінің өкіл­дері АХҚО алаңындағы Қазақ­стан-Қытай ынты­мақ­тастығының жай-күйі мен перс­пективалары туралы, оның ішінде қытай юанымен операциялар жүргізу үшін Есептеу-клиринг орталығын құру жайлы айтып берді.