Руханият • 23 Қыркүйек, 2019

Қазақ тілі – елімізді тұтастандыратын қуатты құрал

42 реткөрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында Қазақстан Республикасының даму жолы, бағыт-бағдары туралы бірқатар маңызды мәселені көтеріп, мемлекетті тиімді жетілдіру үшін атқаруға тиісті міндеттерді белгілеп берді.

Жұмысты 5 институционалды реформа және Ұлт жоспарын жүзеге асыру, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру туралы мәселелерді жүзеге асырудан бастайтынын айтқан Президенттің «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» деп нық басып айтуы тіл жанашырларын бір серпілтіп тастағаны рас.

Шындығында да қазақ тілін ұлтара­лық қатынас тіліне айналдыру – қазақ халқы­ның мемлекет құраушы ұлт ретін­дегі тұғырын нығайтып, еңсесін тіктеуіне әсер етеді. Қашанда татулық пен бір­лікті биік ұстап, толеранттылық таныта­тын Отанымызда мемлекеттік тілдің ұлт­ара­лық тілге айналуы ортақ тарихи сананы нығайтуға, қазақстандық құндылықтарды арттыруға мүмкіндік береді.

Еліміздің саясаты тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақ­стандықтарға деген құрметтің орнығуына бағытталып, тағдыр тәлке­гімен Қазақстан жеріне еріксіз көші­рілген түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналғанына әлем куә. Бүгін­де Қазақ елінің бір тармағындай тұта­сып, алып бәйтеректің жайқалған жапы­рағындай өсіп-өніп отырған өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде қабылдауы адамгершілік қа­рым-қатынастың өнегелі өлшемі ғана емес, рухани тамырдан нәр алып, жаһан­данудың ызғарлы тұстарынан айналып өтуге мүмкіндік беретін қажетті құрал болмақшы.

Президенттің «Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген тапсырмасының да маңызы зор. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мемле­кеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне әр қазақстандық атсалысқаны жөн.

Біз – «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны ғылым тіліне айналдыру, жаңа ұлттық әліпбиді халыққа насихаттау бағытында қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары арасында, ғылыми ортада, тіл мамандары, әдіскерлер, мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп жүргенімізді айта кеткім келеді.

Әр қазақстандық мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеуді азаматтық борышы санап, ұлтаралық тілге айналдыруды перзенттік парызына баласа, тіліміз көркейетіні ақиқат. Ал азаматтары қолдап, басшылары қорғай білсе, қуатты да бай тіл – қазақ тілі сан ұрпақтың рухани, әлеуметтік қажеттілігін өтеп, ұлтаралық мәртебеге жетеді.

Әлібек АСҚАР,
«Тіл-Қазына» ұлттық
орталығының бас директоры

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • Бүгін, 17:41

Күлкі керуені №4

Руханият • Бүгін, 12:12

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:07

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:04

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:27

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • Бүгін, 10:04

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • Бүгін, 09:52

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • Бүгін, 09:50

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • Бүгін, 09:49

Тылсым өнердің тәлімгері

Руханият • Бүгін, 09:41

Мәскеуде шыққан мәнді шығарма

Әдебиет • Бүгін, 09:26

Жақсым

Руханият • Бүгін, 09:24

Жол үстінде босанды

Қазақстан • Бүгін, 09:19

Ұқсас жаңалықтар