Қоғамда алдыңғы толқын өкілдерінің өзінен кейінгі буынға көңілі толмайтын сәттер жиі кездеседі. Біреулері жастарды тәуекелшіл, дарынды, жаңашыл, жігерлі деп сипаттаса, енді біреуі оларды жалқау, тұрақты емес дейді. Сонда шынымен қазіргі жастар басқа буыннан өзгеше болғаны ма? Әлем демографиясының ең үлкен тобы неге қызығады?

Сабақтастық аясындағы сапа қандай?
Шамамен 1980-1995 жылдар аралығында дүниеге келгендерді миллениалдар немесе Y ұрпағы деп атайды. Олар өзге буын өкілдерінен жаңа технологияны озық меңгерулерімен ерекшеленеді. Қазір жұмыс нарығында жас ерекшелігі бойынша төрт буын өкілдері бірге қызмет етеді. Олар II дүниежүзілік соғыстан кейінгі 20 жылда туған ұрпақ (Baby Boomers), 1965-1979 жылдары дүниеге келген X ұрпағы, одан кейін 1980-95 жылдар аралығында туған миллениалдар мен 2000 жылдардың Z ұрпағы. Ұрпақтар теориясының авторлары жыл ерекшеліктеріне қарай топтау әр елдің экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін екенін айтады.
Біріншілерінің өмірлік тәжірибесі мол, зейнет жасында болса, олардың орнын басқан X ұрпағы кәсіби мансабында жетістікке жетіп, басшылық қызметтерді атқарып жүр. 2000 жылдары дүниеге келген Z ұрпағы жаңадан оқуын аяқтап, жұмыс жолын енді бастап жатыр. Ал еңбек нарығындағы басты орындаушылар тобын миллениалдар құрайды. Сондай-ақ олар – ең үлкен тұтынушы топ.
Соңғы жылдары миллениал тақырыбы шетелдік БАҚ-та, өзге де алаңдарда жиі көтеріліп жүр. Әсіресе жұмыс берушілер екі ғасыр тоғысында есейген және технологиялық революцияның пайда болуы мен оның дамуына куә болған ұрпақты қандай жұмыс күші болар екен деп ертеден зерттей бастады.
Қазақстан халқының орташа жасы шамамен 30-ды құрайтынын ескерсек, еліміздегі жұмыс күшінің басым бөлігі осы миллениалдардан тұрады. Миллениалдар әр елде түрлі атауға ие болған. Мысалы, қытайлар оларды «кәрілерді жейтін ұрпақ» десе, Жапонияда «бір сәтте қос әрекет орындайтындар» деп аталады. Испания жастарына «ни-ни ұрпағы» деген атау елдегі экономикалық дағдарыс салдарынан не оқуға, не жұмысқа орналаса алмағандықтан берілген.
Жалақыдан бұрын мәдениетті жоғары қояды
Миллениалдарды өзгелерден ерекшелейтін бірнеше қасиет бар. Ең алдымен, олар жұмыста мәдениетті жоғары қояды. Жалақы, лауазым секілді факторлардан бұрын олар жұмыс берушінің қызметкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері мен жұмыс барысында қандай тәжірибе алатынына үлкен мән береді. Сол себепті қазір әрбір ұйым қызметкерлерінің шығармашылық тұсын дамытуға және жайлы жұмыс атмосферасын қалыптастыруға тырысады. Тарихта армандаған қызметін «қызықты» деп сипаттаған алғашқы топ та осы – миллениалдар. Сауалдамаға қатысқан жастардың көбі технология саласында жұмыс істегісі келмейтіндігін айтып, бұл жұмысты «қызықсыз», «бірсарынды» деп сипаттаған. Осы себепті де Google, Amazon секілді алып тех-компаниялар бейресми жұмыс ортасын қалыптастыруға тырысады. Жұмыс орны дәстүрлі кеңселер емес, ойын-сауық орталықтарына ұқсайды.
Елімізде соңғы жылдары кітапханалар мен жастар ұйымдары қалыпты дизайннан ауытқып, жас буынның сұранысын қанағаттандыратын заманауи коворкинг орталықтарын жасақтап келеді. Оған Алматыда ашылған SmArt.Point орталығын, күрделі жөндеуден өткен Жамбыл атындағы кітапхананы, Jas Otan-ның барлық өңірлерде ашқан коворкинг орталықтарын айтуға болады. Елімізде көп уақыт бойы аға буын өзінен кейінгі толқынды толық түсінбей, олармен дұрыс қарым-қатынас орната алмаған секілді. Жоғарыда айтылған мысалдар бұл жағдайдың өзгеріп келе жатқанын көрсетеді.
Миллениалдар коммуникацияға келгенде ашық және адал қарым-қатынас құруды көздейді. Олар үшін пікірі мен көзқарастары бағаланатынын білу маңызды, қызмет ететін орнының дамуына үлес қосып жатқандарын және нақты атқарылған жұмыс нәтижесін көргісі келеді. Кейде бұл ұзақ жоспарлы жобалардың нәтижесін көруге шыдамсыздық танытуына немесе бастаған істі жарты жолдан тастап кету секілді теріс қасиетке ұласуы мүмкін. Осыдан болар, кейбір үлкендер жас буынға көңілі толмай, оларға сенімсіздікпен қарайды.
The Steppe жобасының авторы Зәуре Розмат BBC-ге еліміздегі аға буын мен жастар арасындағы қарым-қатынас туралы берген сұхбатында «Жасы үлкен кісіні жұмысқа алсаң, саған жас болған соң ешнәрсе білмейді деп қарайды» дейді. Сондай-ақ ол дәстүрімізде үлкен кісілерге құрмет көрсеткенімізбен, олар көп уақытта өздерінен өзге пікірге ашық емес екендігін айтады. «Сол себепті де аға буын мен жас ұрпақ арасында бір алшақтық сезіледі», дейді З.Розмат.
Алайда зерттеулер миллениалдар жұмыс барысында олардың атқарған ісін бағалап, кері байланыс беріп отыратын білікті жетекшінің болғанын қалайтынын көрсеткен. Себебі олар мансапта көтеріліп қана қоймай, үйренетін ортада білімін жетілдіргенді көздейді. Ал егер әрі қарай дамудың мүмкін емес екенін байқаса, жұмыстан оңай бас тартуға дайын.
Жастардың тарапына «бір жұмыста ұзақ отырмайды, ісіне адал емес» деген сыни пікірлер көп айтылады. Осы мәселенің дұрыс шешімін табу үшін оларға бір орында қызмет етуге не кедергі немесе не жетпейді деген секілді сұрақтарды алға тартуымыз қажет. Олар күткен мүмкіндіктерді барлық жұмыс беруші ұсына ала ма?
Соңғы жеті жылда елімізден 300 мыңға жуық адам шетелге қоныс аударған, оның 42 мыңға жуығы былтыр кеткен. 2017 жылы көшіп кеткендердің 30 пайызға жуығы жоғары білімді азаматтар, 15-28 жас аралығындағылардың үлесі 25 пайыздан асады. Жастардың шетелге қоныс аудару туралы шешіміне негізінен өз елінде армандаған жұмыс ортасын қалыптастыра алмауы әсер етеді. Ресми статистика азаматтығын ауыстырған адамдарды есепке алатынын ескерсек, шетелде уақытша қызмет етіп жүрген қазақстандық азаматтардың саны әлдеқайда көп.
Кеңестік дәуірде жастығын өткізген аға буын өкілдері тұрақтылықты жоғары бағаласа, қазіргі жас буын үздіксіз біліктілігін арттыруды, жұмыс пен жеке өмірді тепе-тең ұстап сапалы өмір сүруді, өз шешімдерінде еркіндікті, жұмыста уақытты қызықты әрі өнімді өткізуді қалайды. Жаһандық өзгерістердің жылдам орын алып жатқан уақытында миллениал ұрпақ алдыңғы буынға қарағанда сан алуан мәдениет, саяхаттауға шексіз мүмкіндіктер, қолжетімді ақпарат пен дамыған технология ғасырында өмір сүреді. Олар қалыптасқан жағдайға сыни тұрғыда қарауға, жүйеге күмән келтіруге және ойындағы сұрақты еркін қоюға еш қысылмайды. Осы буынның күш-қуаты адамзат үшін игі істерге бағытталады деп сенеміз.
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзекті мәселелердің шешімі табылатын болады
Парламент • Кеше
Алматы мәслихаты шешуге тиісті ең өзекті мәселе қандай?
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
Мәжілістің 2 комитетін парламенттік оппозиция өкілі басқармақ
Парламент • Кеше
Мәжіліс спикерінің орынбасарлары сайланды
Парламент • Кеше
2020 жылы Алматыда 8 елдің азаматтары емделді
Медицина • Кеше
Ангела Меркель орнын босата ма?
Әлем • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Украина Ресейден вакцина ала ма?
Әлем • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар