Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019

Almaty SmartCity Challenge хакатоны бағдарламалар жарысын өткізеді  

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдері қалалық әкімдіктің қолдауымен Almaty SmartCity Challenge хакатоны қалалық жарысты бастайтындығын мәлімдеді.

Almaty SmartCity Challenge хакатоны бағдарламалар жарысын өткізеді   

5-6 қазанда өтетін Q-Lab қалалық жобалар зертханасында (Абай даңғ.,90) бағдарламалық өнімдерді отандық әзірлеушілер жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді әзірлеу және таныстыру мақсатында команда жасақталады.

Идеядан прототипке дейінгі уақыт бір тәулікті құрайды. Жүлде қоры 3 млн теңге көлемінде. Қатысушылар Алматы қаласының басшылығына және жетекші сарапшыларға жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді таныстырады. 18 қыркүйектен 3 қазанға дейін командалардан өтінімдер қабылданады, яғни команданың әрбір мүшесі тіркеуден өтуі тиіс.

Хакатонның бірінші күні командалар құрылып, идеялар питчингімен, менторлар және қазылар алқасымен танысудан басталады. Олардың құрамында сарапшылар, кәсіпкерлер мен отандық компаниялардың басшылары бар. Сондай-ақ қатысушылар экология, трафик және кептеліс, креативті экономика, медицина, қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім және ТКШ тақырыптары бойынша тапсырмалар алады.

Хакатонның соңғы күні командалар прототиптерімен қазылар алқасы танысады. Барлық қатысушыға сертификаттар беріліп, жеңімпаздар әкімнің ақшалай сыйлығын: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын алғандар 500 мың теңге алады. Қазылар алқасы жобаның идеясы, оны іске асыру, ілеспе материалдарға назар аударады. Басты талап бойынша жоба хакатонда әзірленіп, тың ұсыныс ретінде қатысушылардың бұған дейінгі жобаларын қайталамауы шарт.

 

 АЛМАТЫ