Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа ұлттық-рухани және қазақ тілінің құндылықтарын дәріптей отырып, қазақша ойлауға, жазуға ықпал ету. Оларды тіл тазалығы мен мәдениетін сақтауға шақыру. Әр сала қызметкерлерінің латын әліпбиін тез меңгеруіне септігін тигізу.
Іс-шара барысында әр түрлі мекемелер мен ұйымдардан құралған топтар өзара сайысқа түседі. Сайыс мақал-мәтел құрастыру, бейнені дыбыстау, латынша мәтінді жылдам оқу, қазақ терминдері мен аудармасы және интеллектуалды сұрақтар сынды 5 кезеңнен тұрады.