23 Қыркүйек, 2019

Алматыда қолдан құрастырылған көліктердің жарысы өтті

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық додаға 200 өтініш түсіп, 60 команда бағын сынады.

Алматыда қолдан құрастырылған көліктердің жарысы өтті

«Алматыда ерекше көліктердің командалық сайыста бағын сынаушылар бәйгеге түсетін темір тұлпарды өз қолдарымен құрастырған. Жалпы спорттық додада 60 топ бақ сынады. Әлем бойынша бірегей, жылдам жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған» деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Спорттық додада жалпы 60 команда бағын сынады. Оған қатысуға 200 азаматтан өтініш келіп түскен. Көлікті құрастыруға 2 ай уақыт берілген. Құрылғының басқышы да, қозғалтқышы да жоқ. Жарысқа әуесқой командалардың да қатысуына мүмкіндік берілген. Сайыскерлердің арасында кеңсе қызметкерлері, музыкант, сәулетші, дизайнер және студенттер бар.

Ең басты шарт - көлік қолдан жасалып, адамдардың көмегімен ғана жылдамдық алуы тиіс, яғни команда мүшелері оны ылдидан итеріп жібереді. Арнайы кедергілері қойылған 350 метр қашықтықты еңсеруі керек. Қазылар алқасы қолдан құрастырған көліктің дизайны мен сөре сызығы алдындағы 30 секундтық бағдарламаны бағалады.

Бас жүлдені ZIG ZAG тобы қанжығалады. Атап өтерлігі, бұл топ 2017 жылы да бірінші орынды иеленген болатын. Олар Сочиде өтетін Формула-1 жарысына жолдама алды. 5 сағатқа созылған көлік бәйгесін тамашалуға 35 мың көрермен жиналған.

 

АЛМАТЫ

 

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20