23 Қыркүйек, 2019

«Алма-сырнайдың» тұсауы Алматыда кесіледі

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қалалық туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен зергерлер конкурсында «Алма-сырнай» үздік деп танылды. «Almaty Art center» орталығында болған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қолөнершілер келген» деп хабарлайды  Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Алма-сырнайдың» тұсауы Алматыда кесіледі

Бұл жолғы байқауға 50 үміткердің ішінен іріктелген 20-сы қатысты. Байқаудың басты мақсаты  Алматының брендін анықтау болыпты.

«Бұл конкурстың мақсаты – Қазақстандық қолөнер шеберлерінің мына сувенир, кәдесый жасайтын адамдардың жұмыстарын қолдау. Мысалы, сіз қай мемлекетке барсаңыз да шетелде әр түрлі кәдесыйлар алып келесіз. Кем дегенде магнит болуы керек. Сондықтан Алматыда кәдесыйжоқ деп айтуға болмайды. Бірақ олардың саны әзір аз»  деді «Qazaq-Oner» қолөнер орталығының басшысы Айгүл Жансерікова.

Көрмеге қойылған сувенирлер келген көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шара барысында шеберлердің қолынан шыққан қазақы нақыштағы туындылар да сатылымға түсті.  

«Негізгі талап – кәдесыйлар бұған дейін болмаған болуы керек.  Өзіндік ерекшелігі болған. Сонымен қатар біз оны өндіріске шығармақ ойдамыз. Яғни ол - кішкентай, қарапайым, бірақ қазақтың қолөнерін көрсететін, қазақтың тарихын көрсететін, Алматының өзінің ерекшелігін көрсететін сондай бұйым болуы керек болды», – дейді Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бірбаев.

Сонымен, 20 зергер ұсынған 20 жұмыстың ішінен «Алма-сырнай» үздік деп танылды. Кәдесыйдың авторы Азамат Бақи журналистермен кездескен кезде Алматыны «алма» бейнесінде елестетіп, символы ретінде сазды алма-аспабын жасағанын айтты.

 Бас жүлдеге 1 млн теңге берілді. Екінші орынға 700 мың, ал үшінші орын алған зергер 500 мың теңгеге ие болды.  

«Ол жерде тапсырған жұмысым - керамикадан жасалған алма. Ол аспапқа «алма-сырнай» деген ат бердік. Байқау барысында оны басқа аспаптармен сүйемелдеп ойнап, бірінші орынға ие болдық», – дейді қолөнер байқауынының жеңімпазы Азамат Бақи.

 

 

АЛМАТЫ