Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас

392 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы ұйымдастырған шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Мерекелік шараға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің барлық аймағынан қонақтар қатысты.

Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас

Көпшілік алдында құт­тықтау сөз сөй­леген Қазақ­стан халқы Ассам­б­лея­­­сы Төр­ағасының орын­басары Шер­зод Пулатов, Өзбекстан­ның Қа­зақ­­­стандағы Төтенше және өкілетті ел­­ші­сі Сайдикрам Нияз­ходжаев және екі ел­дің зиялы қауым өкіл­дері ел­­­дің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына тоқталды.

– Елімізді мекендеген­ түр­лі этнос өкілдерін көк тудың астына жинап, ел ты­ныштығын, береке-бірлігін сақта­дық. Бұл жетістікке қа­­зақ халқы­ның кең ықы­лас-­пейі­лі­нің, бауырмал дос­ты­ғының арқа­сында және ел басқарған азамат­тар­­дың сарабдал саясатының нәти­­жесінде қол жет­кіздік. Осы бағытымыздан таймай,­ бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істесек, талай асуларды бағын­дыра­ры­мыз сөзсіз, – деді жиын­да сөз сөйле­ген қоғам қайраткері Розақұл Хал­му­ра­дов.

Өзбекстанның Қазақ­стан­дағы Тө­тен­­ше және өкі­летті елшісі Саи­дик­рам Нияз­ходжаев Қазақ­с­тан­­да бар­ша этностың тілі мен мә­де­­­ниеті­­­­нің сақталуына барынша жағ­дай жа­сал­ғанына ризашылығын біл­ді­ріп, мұн­да­ғы игі бастамалар жалпы түркі әле­міне үлгі екенін тіл­ге ти­ек етті.

Айта кету керек, миллион­нан ас­там тұрғынның ортақ ша­­ңы­рағы бол­­­ған Шымкент қаласы жұрт­шы­лы­­­­ғының 17 пайыздан астамын өзбек этно­сының өкілдері құрайды.

Қалада өзбек этномәдени бір­лес­ті­гі 1989 жылы құры­лып, отыз жылға жуық уақыт бойы Түр­кіс­тан облысының қоғамдық-саяси, мә­дени өміріне белсене араласты.

Был­тыр осы этномәдени бір­лес­тік қалалық мәртебесін алып, осындағы 178 мың өз­бек этносы өкілдерінің қа­зақстандық қоғамның ортақ құнды­лық­тарын қастерлеуіне ұйытқы болып отыр.

Бірлестік жанындағы ақ­са­­қал­дар алқа­сы, жастар қанаты, «Бахор», «Феруз» шы­ғармашылық ұжым­дары Шым­­кенттің дара дәс­тү­рін жалғап, қоғамдық-мәдени тұр­­мы­сын байытып келеді.

 

ШЫМКЕНТ