02 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1541

351 рет
көрсетілді
23 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1541

Сенбі, 2 ақпан 2013 6:29

2012 жылғы 4 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сенбі, 2 ақпан 2013 6:29

2012 жылғы 4 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

«Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 

С. АХМЕТОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсан №1541 қаулысымен бекітілген

Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) күзетілетін объект – магистральдық құбырдың бірыңғай өндірістік-технологиялық кешеніне кіретін күзетілетін мүлік (ғимарат, құрылыс, құрылым, жер учаске, тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай, өзге мүлік);

2) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;

3) магистральдық құбырды күзету – тұлғалардың магистральдық құбырға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерін болдырмауға, сондай-ақ күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құраладарын қасақана істен шығарудан қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

4) магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр объектілеріне іргелес жатқан және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құбыр объектілерін қауіпсіз және іркіліссіз пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған, оның шегінде аумақты белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайларындағы (құрлықтағы және (немесе) судағы) аумақ;

5) магистральдық құбырдың меншік иесі – Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе магистральдық құбырға меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;

6) магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігі – тұлғалардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын қатерлерден магистральдық құбырдың қорғалу жай-күйі;

7) магистральдық құбырды физикалық қорғау – тұлғалардың зақымдауға әкеп соқтыратын құқыққа қарсы іс-әрекеттерінен туындайтын магистральдық құбырға қатысты қатерлерді болдырмауға бағытталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық шаралар мен инженерлік-техникалық шешімдердің жиынтығы;

8) оператор – өнімдімагистральдық құбырмен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық құбырдың меншік иесі немесе магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;

9) өнім – тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;

10) техникалық дәліз – магистральдық құбыр немесе қатар салынған магистральдық құбырлар мен коммуникациялар жүйесі өтетін аумақ.

3. Магистральдық құбырды жобалау, салу, қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу кезінде магистральдық құбырдың физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оны физикалық қорғау бойынша талаптарды сақтау және:

1) осы Қағидаларды;

2) магистральдық құбырларды күзетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық және өзге де нормативтік құжаттаманы, соның ішінде стандарттарды, құрылыс нормаларын және ережелерін (ҚНжЕ);

3) магистральдық құбырды және (немесе) оның бөліктерін салған (қайта құру, кеңейту,техникалық жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) кезде жұмыс құжаттамасының барлық түзетулерімен және өзгерістерімен құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты орындалуын растайтын жобалау және орындау құжаттамасын басшылыққа алу қажет.

 

2. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру тәртібі

4. Магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру:

1) күзетілетін объектілерде өткізу және объектішілік тәртіптерді енгізуді және қамтамасыз етуді;

2) магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасауын;

3) күзет бекеттерін, жұмылдыру топтарын, жедел әрекет ету топтарын қоюды;

4) күзетілетін объектілер персоналының, келушілердің іс-әрекеттерін бақылауды;

5) күзетілетін объектілерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесуді;

6) күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарын енгізуді;

7) күзет күштерінің күзет пен қауіпсіздіктің техникалық құралдарының іске қосылу дабылдарына әрекет етуін көздейді.

5. Магистральдық құбырды күзету күзет қызметінің субъектісімен күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

6. Күзет қызметін көрсету туралы шарт магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) және күзет қызметінің субъектісі арасында жасалады. Күзет қызметін көрсету туралы шарт негізінде күзет қызметін көрсету «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен  реттеледі. Күзет уақыты, күзету тәсілі, күзетшілер саны, қарулануы, техникалық және арнайы құралдары күзет қызметін көрсету туралы шарт талаптарымен айқындалады.  Күзетшілер саны, қарулануы, техникалық және арнайы құралдары «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулыларымен бекітілген нормативтерден аспауы тиіс. Күзет қызметін көрсету туралы шарт жасасу алдында күзет қызметінің субъектісі мен магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) уәкілетті өкілдері күзетуге жататын магистральдық құбырларға тексеру жүргізеді.

Магистральдық құбырларды тексеру құқыққа қарсы қол сұғушылыққа оның жасырынушылығын, тұрақтылығын айқындау мақсатында жергілікті жерде магистральдық құбырдың жай-күйін, қасиеттерін және ерекшеліктерін зерттеу және магистральдық құбырдың меншік иесінің (оператордың) талаптарын ескерумен магистральдық құбырды физикалық қорғау жөнінде шаралар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

7.Магистральдық құбырлардың күзеті күзету, патрульдеу тәсілдерімен немесе техникалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

8. Күзет тәсілімен күзету күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің әрекеті магистральдық құбырларды көзбен шолып байқау және бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастыру, күзет бекеттерін қою (стационарлық, айналып шығу, периметр бойынша бекеттер, сақтандыру бекеттері) арқылы оны құқыққа қайшы қол сұғушылықтан физикалық қорғаудан тұрады.

9. Патрульдеу тәсілімен күзету күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің тобымен (жұмылдырылған топтар, жедел әрекет ету топтары), оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып, тікелей магистральдық құбырларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасауға немесе жасауға дайындықтардың жолын кесу мақсатында көлік құралымен немесе өзге де құралдармен магистральдық құбырды айналма, айнала жүру, көзбен шолу арқылы байқауды қамтиды.

10. Техникалық құралдарды қолданып магистральдық құбырды күзету тәсілі күзет қызметінің субъектісі қызметкерлерінің магистральдық құбырды техникалық құралдардың көмегімен бақылау және құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан (техникалық бекеттер) оны физикалық қорғау әрекеттерінен тұрады.

11. Магистральдық құбырлардың орналасу, күзетудің техникалық құралдарымен жабдықталуына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты күзету тәсілдерінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:

1) күзетілетін объектіге кіретін жерде өткізу тәртібін қамтамасыз ету, көлік құралдары мен жеке тұлғалардың қозғалысын шектеу үшін қойылатын бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП);

2) жекелеген объектіде немесе бірнеше объектілерде ашық алаңда немесе қоршалған аумақта қойылатын, күзетшілер айналып жүргенде олардың жалпы ұзындығы 100 метрден аспайтын стационарлық бекет;

3) айнала жүру арқылы бір немесе бірнеше объектілерді күзету үшін арналған, айнала жүру ұзындығы 100 м артық, бірақ 300 м аспайтын, айналма бекеті;

4) бақылау және ақпарат жинау үшін күзеттің техникалық құралдар кешені орнатылған үй-жайда қойылатын техникалық бекет;

5) кешенді күштердің, оның ішінде құқық қорғау органдары жеткенге дейін, күзетілетін объектілер инфрақұрылымының дабыл бергіші іске қосылғанда және оперативті жағдай шиеленіскен кезде кідіріссіз ден қою үшін арналған жедел ден қою тобы;

6) күзетілетін аумақтың шекарасы бойынша, оның ішінде бекеттік бақылау мінбесінде БӨП-тен тыс күзетілетін объектінің аумағына кіруді бөгеу үшін қойылатын периметр бойынша бекеті;

7) магистральдық құбырлардың күзет аймақтарында оларды мерзімді тексеру, күзетін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқыққа қайшы қол сұғушылық әрекеттерін кесу жөнінде шаралар қабылдау мақсатында патрульдеуді жүзеге асыратын жұмылдыру тобы;

8) қызметтік иттерді пайдалану арқылы кинологиялық бекеті;

9) бар күзет күштеріне қосымша уақытша қойылатын сақтандыру бекеті.

12. Магистральдық құбырдың күзету тиімділігін арттыру, физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында магистральдық құбырларды күзету үшін қызметтік иттерді пайдалануға болады.

13. Экстремалды жағдайлардың туындауын болдырмау, жолын кесу және оқшаулау бойынша күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері мен объекті персоналының іс-қимылы тиімділігін арттыру мақсатында магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) күзет қызметі субъектісімен бірлесіп, әр объектіде күзет пен қорғаныс жоспарларын және өзара іс-қимыл жасасу схемаларын әзірлейді. Өзара іс-қимыл жасасу схемалары Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.

Магистральдық құбырларды терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Магистральдық құбырларды күзету кезінде қорғау, патрульдеу тәсілдерімен, техникалық құралдарды пайдалану арқылы объектілерді күзету кезінде күзет күштерінің мынадай нормативтері белгіленеді:

1) күзету тәсілімен объектілерді күзету кезінде:

персонал мен келушілерді өткізуге және тексеруге арналған БӨП – БӨП-те кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау  жүйелері болмаған кезде (рұқсат қағаздарын қолмен тексеру тәсілінде) бір күзетшінің сағатына 50-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі және кіруді басқарудың автоматтандырылған бақылау жүйелері болған кезде сағатына 100-ге дейін жеке тұлғаларды өткізуі есебімен әр БӨП-қа тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;

көлік құралдарын тексеруге және өткізуге арналған БӨП – қозғалыс қарқындылығы бір БӨП арқылы сағатына 10-нан 20-ға дейінгі бірліктегі көлік құралдарының өтуі кезінде әр көліктің кіруіне арналған тәуліктік бір стационарлық күзет бекеті;

жеке тұлғалар мен көлік құралдарын өткізуге және тексеруге арналған БӨП (құрамдастырылған үлгідегі) – әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Құрамдастырылған үлгідегі БӨП күзетілетін объектінің      дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;

теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП – әр БӨП-ке арналған тәуліктік екі стационарлық күзет бекеті. Теміржол көлігін өткізуге арналған БӨП күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып енгізіледі;

ашық алаңдағы немесе қоршалған аумақтағы оқшауланған объект не бірнеше объектілер – кіреберісте немесе ұзындығы 100 метрге дейін қозғалыс бағытында тәуліктік бір  стационарлық күзет бекеті;

оқшауланған, қоршаумен жабдықталған бір немесе бірнеше объектілердің аумағы – ұзындығы 100 метрден артық, бірақ 300 метрден аспайтын қозғалыс бағытындағы тәуліктік бір айналма күзет бекеті;

Қысқа оқпанды қызметтік қарумен немесе зақымдау әрекеті бар оқтарымен оқпансыз қызметтік қарумен қаруландырылған күзетшінің міндеттерін орындау кезінде ұзындығы 250 метрге дейінгі қозғалыс маршрутында тәуліктік бір айналма күзет бекеті қойылады.

Бекеттік бақылау мінбелерінен бақылау арқылы объектіні күзету және қорғау бойынша күзетшінің міндеттерін орындау кезінде тәуліктік бір стационарлық бекет немесе төңіректегі учаскенің периметрі бойынша бекет 400 метрге дейін (орманда – 250 метрге дейін, суда – 300 метрге дейін) белгіленеді.

Күзеттің сенімділігін арттыру үшін тәуліктік әрбір бес күзет бекетіне тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен  сақтандыру бекеттері енгізіледі.

Күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен оған қатысты жасалған құқыққа қайшы және  өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып, бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік иттерді қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады.

2) патрульдеу тәсілімен объектілерді күзету кезінде:

жұмылдыру тобының экипажына бір мезгілде үш күзет қызметкері шығарылады.

Магистральдық құбырларда құқыққа қайшы қол сұғушылықтарға жедел ден қою үшін күзетілетін объектіге жетудің қажетті есепті уақытын ескере отырып жедел ден қою топтарын пайдалануға болады. Жедел ден қою тобының экипажына бір мезгілде үш күзет қызметкері шығарылады.

Сақтандыру іс-шараларын ұйымдастыру үшін үш жұмылдыру тобына тәуліктік бір сақтандыру бекеті есебімен сақтандыру бекеттері енгізіледі.

Магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің объектілерінде күзеттің сенімділігін арттыру үшін бір кинологиялық бекетке төрт қызметтік иттерді қою есебінен кинологиялық күзет бекеттерін пайдалануға болады.

Кинологиялық бекеттер саны күзетілетін объектінің дербес ерекшеліктерін, нақты қауіптер мен әрбір жеке объектіге қатысты жасалған құқыққа қайшы және  өзге де әрекеттер санын талдауды ескере отырып белгіленеді.

3) техникалық құралдарды пайдаланып күзету кезінде:

техникалық күзет пульті – тәуліктік бір техникалық күзет бекеті;

бейнемониторинг пульті – күзетілетін объектіде 30 бейнекамераға дейінгі жүктеме кезінде тәуліктік бір техникалық күзет бекеті;

қоршаумен және техникалық күзет құралдарымен жабдықталған объектінің периметрі – ұзындығы 1000 метрге дейінгі учаскеге тәуліктік бір техникалық бекет;

күзетілетін объектілерден техникалық күзет құралдары іске қосылған кездегі іс-қимылдар үшін – техникалық күзет құралдарымен жабдықталған әр 30 ғимарат пен үй-жайлар үшін тәуліктік бір техникалық бекет.

15. Магистральдық құбырлардың иелері (операторлар) күзетудің инженерлік-техникалық құралдарын (бұдан әрі – КИТҚ) енгізуді, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

16. Бұзушылардың заңсыз кіруін анықтау үшін магистральдық құбырдың желілік бөлігі белгіленген іс-қимыл жасасу регламентіне сәйкес күзет қызметі субъектісінің кезекші қызметін хабарландырумен құбырлар мониторингінің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнына ақпараттық сигналдарды беруге тиісті құбырларды күзету және ағатын жерлерді табу жүйелерімен жабдықталады.

Бұзушылардың заңсыз кіруін анықтау үшін магистральдық құбырлардың күзетілетін объектілері мұрағаттық деректерді ұзақ сақтау шартымен, бақылауды басқару жүйесіне қол жеткізуді қоса алғанда, күзет-периметрлік дабыл беру және бейнебақылау біріктірілген жүйелерімен жабдықталады. Белгіленген өзара іс-қимыл жасасу регламентіне сәйкес күзет қызметінің субъектісі көрсетілген жүйенің тиісті автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалана отырып объектіні күзетуді жүзеге асырады. Жекелеген учаскелердің (жергілікті нысандардың) КИТҚ кешенінің құрамынакүзетілетін объекті аумағына кіруге әрекет ету туралы қатты дауыстап хабарлау және бұзушыға психологиялық әсер ету үшінкүшті динамиктер мен сиреналарды қосуға рұқсат етіледі.

Магистральдық құбырдың меншік иесі (операторы) тарапынан күзет қызметі субъектісінің іс-қимылына бақылау жүйесін пайдалануға қосымша рұқсат етіледі.Күзет қызметі субъектісінің іс-қимылына бақылау жүйесі мұрағаттық деректердің ұзақ мерзімді сақталуы және тиісті есептерді қалыптастыра отырып жинақталған деректерге талдау жүргізу мүмкіндігімен аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.

17. Күзетілетін учаскелерде түрлі физикалық қағидаттарды пайдалануға негізделген жоғары кедергіге қалыпты қарсы тұратын және жасырын орналастыру мүмкіндігі бар табу құралдары пайдаланылады.

18. Магистральдық құбыр объектілерін тексеру нәтижелеріне байланысты олар объектілердің күзет аймақтарына адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті айналып еркін өтуіне бөгет болатын қоршаумен жабдықталады.

Күзет күштерінің қозғалысы үшін магистральдық құбырдың меншік иесімен (оператормен) күзет аймағында немесе одан тыс салынатын трасса бойындағы жолдар пайдаланылады.

19.Қорғау және пайдаланудың ерекше жағдайларының бұзылуын болдырмау мақсатында егістік тереңдігі 35 сантиметрден аспайтын далалық ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге арналған агротех­ни­калық жұмыс кешенінен басқа магистральдық құбырдың күзетілетін аймағында жүргізілетін жәнемагистральдық құбырдың меншік иесімен келісуді талап ететінкез келген жұмыстар мен іс-әрекеттермагистральдық құбырдың меншік иесі беретін магистральдық құбырдың күзет аймағында жұмыс (іс-әрекет) өндірісіне арналған келісім-хаттың болуы кезінде ғана орындалуы мүмкін, бұл магистральдық құбырдың меншік иесінің (операторының) толық атауын,келісім-хаттың берілген күнінжұмысты (іс-әрекетті) жасау орнын, жұмыстың (іс-әрекеттің) басталуын, жұмыстың (іс-әрекеттің) аяқталуын, жұмыстың (іс-әрекеттің) өндірушісін, жұмыстың (іс-әрекеттің) жауапты басшысын, орындалатын жұмысты (іс-әрекетті), магистральдық құбырдың меншік иесінің (операто­рының) өкілі болғанда орындалатын жұмыстың (іс-әрекеттің) кезеңдерін, жұмыс (іс-әрекет) өндірісі кезінде қауіпсіздік шараларын, жұмысты (іс-әрекетті) өндірушінің келісім-хатты алуы туралы белгіні қамтуы тиіс.

20. Бірнеше магистральдық құбыр аймағы жанасқан жағдайда, олардың жанасу жерлерінде жұмыс немесе іс-қимыл өндірісінде келісім-хаттар күзет аймақтары жанасатын барлық тиісті магистральдық құбырлардың меншік иелерінен (операторларынан) алынуы тиіс.

21. Заңды немесе жеке тұлға берілген келісім-хатқа сәйкес магистральдық құбырдың меншік иесі (операторы) өкілінің болуын талап ететін жұмыс немесе іс-әрекет сатыларының орындалуы үшін магистральдық құбырдың меншік иесіне (операторына) осы жұмыс (іс-әрекет) басталғанға дейін бес тәулік ішінде магистральдық құбырдың меншік иесі өкілін шақыру туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) магистральдық құбырдың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру үшін жұмыс немесе іс-әрекет орнына жауапты өкілдің уақытылы келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ күзет қызметі субъектілерінің жүргізетін жұмысы немесе іс-әрекеті туралы жазбаша түрде хабарлама береді. Егер жұмыс немесе іс-әрекет өртке қауіпті болып табылса, онда магистральдық құбырдың меншік иесі (оператор) өрт қауіпсіздігі күзетін жүзеге асыратын осындай жұмысты немесе іс-әрекетті жүргізу орнында субъектінің болуын қамтамасыз етеді.