Еркін пішімде өткен кездесу барысында болашақ саясаттанушылар, психологтар, журналистер және әлеуметтанушылар облыс әкімінің орынбасарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.
Абзал Нүкенов еліміздің қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына айналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында дамып келе жатқанын атап өтті.
– Ертең сіздер өз салаларыңыздың мамандары боласыздар және еліміздің дамуына үлес қосасыздар. Сондықтан бұл стратегиялар біздің болашағымызды айқындауға көмектеседі. Сіздер, біздің жастарымыз, мемлекеттің дамуы үшін қандай бағытта ілгерілеу керектігін түсінулеріңіз қажет. Тек сонда ғана сіздер Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі үшін не қажет екенін нақты білетін боласыздар, – деді ол.
Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары университетте жұмысына қызығушылық танытқан мемлекеттік орган қызметкерлері де қатыса алатын пікірталас алаңын – жастардың зияткерлік клубын құруды ұсынды.
Қарағанды облысы