24 Қыркүйек, 2019

Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Армения Ұлттық жиынының төрағасы Мирзоян Арарат Самвеловичпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының Баспасөз қызметі.

Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды

Армения Республикасы делегациясының құрамында Ұлттық жиын депутаттары, Қазақстандағы Армения Елшілігінің өкілдері болды. Екіжақты ынтымақтастық кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі меймандарды Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымымен, қызметінің мақсатымен таныстырды.

Сондай-ақ, этностар мен ұлттардың мәдени құндылықтарын дамытуға, тілін, тұрмыс салтын сақтауға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамытып, нығайта түсуге үлес қосуға әзірлік танытты.

Өз кезегінде Армения Ұлттық Жиынының төрағасы Арарат Мирзоян мұндағы Армения қауымдастығының жұмысымен танысқанын және Қазақстан тарапынан аз ұлттардың дамуына жасалып отырған мүмкіндікті жоғары бағалайтындықтарын айтты.