Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда танкішілердің атыс жаттығулары өтті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының танк экипаждары штаттық снарядтармен  атыс жаттығуларын өткізді. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Рүстем Игисинов хабарлады.

Маңғыстауда танкішілердің атыс жаттығулары өтті

Танкішілер шартты нысаналар бойынша Т-72 танкісінің қару-жарағынан дәлдеп ату шеберліктеріне тәнті етті. Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Оның барысында 1600 метр қашықтықтан шартты танктер бойынша 900 метрге дейінгі қашықтықтан автомобильде қол танкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек және 700 метрден қол танкіге қарсы гранатаатқышпен оқ атуды жүргізді. Одан басқа, танкішілер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады.

Оқ атуларды өткізудің басты мақсаты әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру, штаттық қару-жарақтан олардың оқ ату шеберліктерін жетілдіру, атысты басқаруды дұрыс ұйымдастырудағы практикалық машықты игеру болды.

Оқ атулардың қорытындысы бойынша 2-ші танкті ротасының командирі аға лейтенант Азамат Қондыбаевтың жеке құрамы барлық тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындап, барлық межелерге дөп тигізді. Үздік танк командирі ретінде сержант Әбдуғазиз Сейтқожа танылды.